жоғары эмоциялы фразеоло- гизмдер деп аталады. Аталған терминдер «Мағыналас фразеологизм-
дердің ұлттық-мəдени аспектілері» монографиясынан алынды
[Смағұлова, 1998, 41 б.].
Қазақ фразеологизмдерінің ұлттық танымдық сипаттарының ерек-
шеліктері соңғы жылдары фразеологизмдердің лингвомəдени ремалары,
фреймдері, схемалары т.б. с.с. орыс тілі арқылы енген сөздермен талда-
нып жүр. Зерттеу бағыттарына байланысты мұндай сөздер əрі қарай да
молая түсуі мүмкін. Оларды да сұрыптап, ең жиі қолданылатындарын
елеп, екшеп отыру қажет. Фразеология дербес ғылым саласы ретінде
əлі де зерттеле беретіндіктен, басқа да көптеген терминдердің енуі,
қалыптасуы заңдылық.