МОСКВА МОСКВА НЕ СРАЗУ СТРОИЛАСЬ. Сразу ничего не делается. (Сөздікте синонимдері мен антонимдері келтіріліп, мағыналары талдана-
ды. Əрі қарай, фразеологиялық тіркес мысалдары, функционалды-грам-
матикасы, тіркестің шығу тарихы баяндалады. Содан кейін:
î
Используется. Когда хотять сказать. Что не следует торопиться;
не сразу дело делается.
Ñ
Концепт «Терпение»; субконцепт «Всему свое время».
U
Обыденная лингвокультура
—
Языковая память поддерживается народным представлением об
истории Москвы [Н.Алефиренко, Л.Золотых, 2008, 233].
Сөздік түзуші авторлар фразеологиялық концептілерді анықтауға жəне
олардың негізгі белгілерін көрсету үшін осындай түрлі зерттеу тəсілдерімен
фразеологизмдердің лингвокогнитивтік талдау əдістемесін жан-жақты
етуді мақсат еткен. Жоғарыдағы сөздік сол ізденістердің мақұлдануының
(апробация) көрінісі. Сондай-ақ, ең алдымен қарастырылып отырған
фразеологиялық концептімен ассоциациялануға ұйытқы болатын
85
лексикалық компоненті анықталған.
Енді лингвокогнитивтік талдау əдістерін қазақ фразеографиясына
үйлестіріп көрсек.