АТ АТ ШАПТЫРЫМ ЖЕР –ара қашықтық өлшемі ретінде айты- лады . С и н о н и м д е р і: құнан шаптырым жер, тай шаптырым жер,
қозы өрісіндей жер (2-3 шақырым жер) т.б. А н т о н и м д е р і: қарға
адым жер (өте жақын тиіп тұрған жер), таяқ тастам жер (Салыстырмалы
түрде лақтырған таяқ түсетін жер, көзбен шола қарағандағы тым жақын
жер), көз көрім жер, (екі араның арасын көзбен мөлшерлеуге болатын
жер), шай қайнатым жер ( өте жақын жер, шамамен он-он бес минут
аралық).
ž
Ат шаптырым ақ орданың сол жағында манадан бері үнсіз отырған бəйбішенің еріндері сол бүлк етпеген қалпы қала берді. (Ə. Кекілбаев. «Үркер»). Дарияның сол жағында ат шаптырымдай жер- де Ақсақ Темір уақытында салынған маңғыт руының дихасы-маңғыт, одан əрі бір күндік жерде Үргеніш шаһары жатқан.(І.Есенберлин «Көшпенділер»). … Сайдың арғы бетінде айналасы
ат шаптырым дуалдың жұрнағы жатады. (Ш.Мұртаза. «Ай мен Айша»).
6
Сын есім. Сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады.
&
Қазақ тілінде