168
түсіндірме сөздігінде «Айналшық – тік ішектің сыртқы жиегі, ернеуі»
деген ғана түсінік беріледі (1т.102 б). Ал 1999 жылы жарыққа шыққан
Қазақ тілінің сөздігінде бұған қосымша «улы шөп» деген түсінік берілген
(21 б).
Біздіңше, тұрақты тіркестегі айналшық сөзінің қалыптасуы
айла
түбірінен шығады.
Айла
сөзін көптеген тілдерде кездестіруге болады.
Мысалы:
айлан ajlan
(əзірбайжан,
гагауз диал, татар, қарачай-балқар,
қырғыз, алтай, өзбек, ұйғыр); ейлен – /eylen
(қараим тілінің қырым диал);
əйлен – /ajlan (башқұрт, татар);
айлақ -/ajlag
(құмық);
айнал – /ajnal
(қазақ;
өзбек диал.).
Айла
етістігі қазіргі тілдердің кейбірінде ғана сақталған.
Ал кең тарағаны оның –
айлан
түріндегі өздік етіс формасы. Ал
айнал
болса,
айлан
етістігінің метатеза құбылысына ұшыраған формасы деуге
болады.
Сонда
құлаққа ұрған танадай
фразеологизміне ілесе туған
айналшық
жегендей
тіркесі. Бұл да сол ауырған малға ұқсата теңеп айтқаны. Ал
ауырған малды қазақтар жұдырықпен
құлаққа қатты соғу
арқылы жа-
зады, сонда есеңгіреп қалған төл, аздан кейін шөл жеп, су іше бастайды
[Қараңыз: Мұқанов С. Қазақ қауымы. 1995:81б]. Қазақтың тып-тыныш
бір халді
«Құлаққа ұрған танадай
деуі содан болса керек.
Жалпы, қазақ халқының малды емдеудің түрлі тəсілдері
болғаны
анық. Өйткені ауырған малды қазақ емсіз қалдырған емес. Ендеше, сиыр
төлін құлаққа ұру арқылы емдеу – осы халық емшілерінің мал емде-
удегі бір тəсілі. Кейін уақыт өте келе мал дəрігерлері шығып, мұндай
тəсіл ұмыт болып, ол тек тұрақты тіркеске айналса керек. Кейде көркем
əдебиетте осы тіркестің өз мағынасында қолданылғанын да кездестіруге
болады. Мəселен, Б.Момышұлының қолданысында бұл есеңгіреп қалу
деген нұсқада қолданылады. Мысалы:
Танк
Достарыңызбен бөлісу: