Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет126/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

246. Қармақ
Ойыншылар араларынан «балықшы» деп аталатын ойыншыны сайлайды. Ортаға балықшы шығады. Оның қолында бір ұшына доп байлаған ұзын жіп болады. Балалар суда жіп жететін қашықтықта «балықшыны» айнала тұрады.
«Балықшы» допты айналдыра үйіріп, шеңбер бойында тұрған балалардың біреуінің басына тигізуі тиіс. Балалар «балықшының» қармағына ілікпес үшін суға сүңгіп кетулері керек. Бірақ жіп жететін қашықтықтан алыстауға болмайды. Қармақ басына тиген бала «балықшы» болып ортаға шығады. Ойын осылай жалғаса береді.
«Балықшы» деп отырғанымыз жіпке байланған допты айналдыра үйіруші адам. «Қармақ» дегеніміз доп. Егер доп баланың басына тисе, ол бала қармаққа іліккен болып саналады. Балалар суға сүңгу, тез жүзуді үйренеді.
247. Үш орындық
Ойын кең бөлмеде ойналады. Арқаларымен тақастырып үш орындық қойылады. Ойыншылар ойын басында кемінде төртеу болуы керек. Балалар ойын басқарушының белгісімен осы орындықтарды айнала жүгіреді. Ойыншылар жылдам айналып жүгіре бастаған кезде басқарушы отырыңдар деп дауыстайды. Сол кезде ойыншылар бос орындықтарға жылдам отыра қалулары керек. Ал орындыққа отырып үлгере алмағандар ойыннан шығады. Ойында үш кісі қалғанда осы үш кісі екі орындықты айнала жүгіреді. Сөйтіп, соңында екі ойыншы қалады. Енді олар бір орындықты айнала жүгіреді. Соңында бір адам жеңіп шығады. Ол ең жылдам ойыншы деп аталып, сыйлық алады. Кейде ойынды музыкамен басқарады, жүгіргенде музыка басталып, отырарда кілт тоқтатылады. Музыка ойынды көңілдендіріп, қыздыра түседі.
248. Кім ұрды?
Ойыншылар өздерінің арасынан біреуін алға шығарады. Ол бала арқасын жұртқа беріп, өзі теріс қарап тұрады да, оң қолымен бетін қалқалап, ал сол қолының алақанын оң қолтықтың астынан жіберіп ашып тұрады. Артында тұрған ойыншылардың біреуі кезекпен ашық тұрған алақанды соғып қалады. Сол кезде алақаны соғылған ойыншы, кім алақанды соққанын тауып алу мақсаты болады, тауып алса екеуі орын ауыстырады. Ал таба алмаса ойын әрі қарай жалғасады.
Арттағы тұрған ойыншылардың бірі алақанды соғып қалғаннан кейін ойыншылардың бәрі де (кім соққанын білдірмеу үшін) оң қолдарының бас бармақтарын жоғары көтеріп тұра қалысады. Әрине соққы жеген адам кім ұрғанын байқау үшін ойыншылардың қолдарына ғана емес, көздеріне де қарайды. Сөйтіп соғушыны анықтауға тырысады.
249. Тоспа доп
Бұл ойынды ұл балалар ойнайды. Ойын бастаушы ағаш таяқтың бір басын жоғары көтеріп ұстап тұрады. Қалған ойыншылар ұстап тұрған қолдың үстінен таяқты тұтамдап ұстай береді. Кімнің қолы таяқтың ең ұшына дәл келсе, сол доп ұрушы, ал оған таяу қолдың иесі доп беруші болады. Доп ұрушы мен беруші аралары 2-2,5 метрдей қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Доп беруші бір, екі, үш деп санайды да, допты тез лақтырып ұрушыға береді. Доп ұрушы таяқпен допты аспандата, сонымен қатар ұзата қатты ұруға тырысады. Егер үшке дейін допты дәлдеп ұра алмаса, онда ұрушы мен беруші орын ауыстырады. Екінші ойыншы да дәл ұра алмаса, онда екеуі де ойыннан шығады. Олардың орнына келесі екі ойыншы келеді. Басқа ойыншылар ұрғаннан соң ұшқан допты ұстауға (қағып алуға) дайын тұрады. Әркім жылдам допқа жүгіреді де, оны қағып алып, доп берушіге қайта лақтырады. Доп беруші оны жерге түсірмей қағып алады да, ұрушыға тағы лақтырып береді. Егер доп беруші қағып ала алмай қалса, онда әлгі доп лақтырушы оның орнына тұрады. Ойын осылай жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет