Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған


Қазақтың ұлттық ойындарының спорт түрлеріне айналуы



бет22/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

Қазақтың ұлттық ойындарының спорт түрлеріне айналуы

Дүниежүзіндегі қазіргі спорт түрлерінің шығу төркіні ұлттық ойындардан бастау алады.
Көптеген халықтардың ұлттық ойындары бір халықтың ойын түрінен асып, қазіргі кезде халықаралық ойындар түрлеріне айналды. Мысалы қазақ халқының ұлттық ойыны болып табылатын қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық халықаралық жарыстар өтетін спорт түрлеріне айналды.
Осы кездегі ең үлкен және өзінің дүниежүзілік маңыздылығымен ерекшеленетін спорттық жарыстар қатарына жазғы және қысқы олимпиадалық ойындарды алуға болады. Олимпиадалық жарыстардың ойындар деп аталуы ойын тарихының көнелігін көрсете отырып, олимпиада ойындары бағдарламасына енген спорт түрлерінің барлығы кезінде белгілі бір халықтың ұлттық ойын түрі болғандығын меңзейді.
Ұлттардың өзара араласуы себебінен көптеген ұлттық ойындар бір халықтың ойын түрлерінен асып, халықаралық ойындар түрлеріне айналды. Оларға олимпиада ойындарына енген ағылшынның футболын, жапонның дзюдо күресін, кореяның таэквандосын, т.б. спорт түрлерін мысал ретінде көрсетуге болады.
Халықтар арасында ұлттық ойындардың бір-біріне ұқсас түрлері мен тек бір ғана ұлттар арасында белгілі түрлері де кездеседі.
Ұлттық ойындардың пайда болу ерекшелігі сол халықтың басынан кешірген тарихи әлеуметтік, шаруашылық, қоныстанған жерінің табиғаттық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Қазақстан жері көне «Жібек жолы» торабында орналасуының өзі, жерімізге әртүрлі елдердің мәдениеті, соның ішінде ойындардың да келіп араласуына ықпал етті.
Осы жағдайлар біздің еліміздегі таралған ұлттық ойындардың басқа халықтарда да ұқсас ойындардың болуына жол ашты. Оған мысал ретінде көкпар тарту, қыз қуу, аударыспақ, бәйге, күрес, садақ ату т.б. түрлерінің қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, бурят, ауған т. б. көптеген халықтар арасында да болуын мысалға алуға болады.
Қазіргі дене тәрбиесі және спорт түрлерінің мазмұнында кәсіптік элементтер көптеп кездеседі, олай болуының себебі адамдар ойын мазмұнына шаруашылық жүргізуге қажетті кәсіптік дене қозғалыстарын енгізу арқылы адамдарды тәрбиелеуді мақсат етіп алу себебі көрінісі болып табылады, мысалы: жүгіруге қажетті доппен ойнау, ауыр атлетикаға қажетті ауыр тастарды, малдарды, кірді көтеру, ат спортына қажетті көлік жүргізу, аттарды секірту, т.б., қыста шаңғы тебу, мұзда сырғанау, суда малту, қайықпен жүзу т.б., аспанға ұшу, садақ және мылтық ату, найза лақтыру, күресу т.б. мысалдарды келтіруге болады.
Адамдарды ұлттық ойындар арқылы дене шынықтыру мен спортқа баулудың негізгі құралы болып табылатын жаттығулар түрлері қазіргі кездегі техникалық, экономикалық өзгерістердің әсерінен өзінің шаруашылықта қолданылатын бастапқы түрлерінен өзгеріп, қазіргі тұрмыс-тіршілікке қажетті өзгерістерге негізделіп отырған жағдайларды да көруге болады.
Қазақ халқының ұлттық ойыны болып табылатын қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық түрлері қазір ұлттық ойын түрлерінен асып халықаралық жарыстар өтетін спорт түрлеріне айналды.
Ұлттық халық ойындарының спорт түріне айналуы үшін төмендегідей жағдайлардың болуы қажет, оларға:

  • Спорттық ойын түрінің бекітілген ережесінің болуы;

  • Мемлекеттік дәрежедегі спорттық мекеменің сол спорт түрін танып, жарыс күнтізбесіне енгізуі;

  • Спорт түрін дамытуға арналған қоғамдар немесе федерациялардың болуы керек.

Олимпиада ойындары тарихында алғашқы олимпиадалық ойын тек 192 метр 27 см қашықтыққа (1 стадиге) жүгіруден тұрып, осы бір түрден ғана жарты ғасырдан астам жарыстар өткізілген. Біздің заманымызға дейінгі 724 жылы өткізілген олимпиада жарысында жүгіру 2 стадиға ұзартылды. Кейінгі 15-ші олимпиадалардан бастап жүгіруден жарыстар «шыдамдылыққа», яғни 8, 10, 12, 24 стадиға ұзартылып өткізіле бастады [135].
Алғашқы олимпиадалық ойындар тек бір спорт түрінен ғана өткізілген болса, қазіргі уақытта жазғы олимпиада бағдарламасында 30-дан астам спорт түрі бар.
Осыған қоса олимпиада ойындары бағдарламасына енбеген бірақ Әлемдік, Құрлықтық, халықаралық, мемлекеттік дәрежеде өткізілетін спорт түрлеріне айналған ұлттық ойындар түрлері өте көп.
Қазіргі жеңіл атлетика спорты құрамына кіретін табақ (дискі) лақтыру және балға лақтыру (молот) жарыстарының қалай пайда болғандары туралы спорт тарихында дәлелді ешнәрсе айтылмайды. Біздің ойымызша, осы жарыстар көне олимпиадалық ойындарға түркі тектес халықтардың қатысуы арқылы келуі мүмкін деген болжам айтамыз. Болжамға негіз ретінде көне Тәңір сенімі бойынша күн (табақ пен балға белгісі ретінде) адамдардың негізгі табынатын объектісі болып табылған. Осы белгілер түркі халықтарында рулық белгілері де болып саналады.
Олимпиадалық ойындардың өзі ел басқаратын адамдарды таңдау рәсімі ретінде өткізілгендігін ескерсек, сол жарыстарда күн белгілерін «табақ» пен «балғаны» күнге қарай кім алысқа лақтыра алса, сол адам басшы санатына қосылуға мүмкіндік алған.
Осы келтірілген дәлелдер, олимпиадалық ойындар тарихта жазылғандай тек грек елінде ғана өткізіліп қоймай, көптеген халықтар еркін қатыса алатын демократиялық сайлау түріне ұқсас, ел басқару жүйесіне қажетті атрибут ретінде басқа елдерде де өткізілген деп тұжырымдауға негіз бола алады.
Ұлттық ойындар мен спорттың дене тәрбиесіндегі атқаратын жұмыстарына қарай бөлсек, екеуі екі басты мақсатты көздейді. Ұлттық ойындар әр адамның дене қаблеттерінің жетіліп жан-жақты дамуына басым қызмет ететін болса, спорттың мақсаты кәсіби түрде дайындалып шұғылдану арқылы жарыстарға қатысып, басқалардан асып түсу, жеңу, спортта ең жоғарғы көрсеткішке жету, яғни рекордтар жасау болып табылады.
Ойындардың спорт түріне айналу жолын қарастыру үшін алдымен адамдардың бір-бірімен жарысу, күш сынасу сияқты әрекеттерге баруларына қажетті алғышарттардың болуын анықтау маңызды болып келеді, яғни адамдарды бір-бірімен жарысуына ықпал ететін, түрткі болатын жағдай туындамаса, сылтау болмаса, адамдар өздіктерінен күш сынасуға немесе жүгіруге шықпайтыны белгілі.
Ағылшынның «sport» сөзі алғашқы «disport» – ойын, көңіл көтеру сөзінен бастау алып, орыс тіліне «спорт», соңынан қазақ тіліне термин ретінде енді.
Орыс тілінде спор, спорить, яғни таласу, айқындау, басын ашу деген мағынаны білдіретін сөз бар, осы «спор» сөзі мағынасы түрік тілінде «спорт» деп аталады. Қазіргі уақыттағы «спорт» сөзі мағынасы қоғамдағы дене тәрбиесі және ойындардың тарихи қалыптасқан кезеңінен бастап адамдарды жарыстық жағдайға арнайы дайындау және жарысқа қатыстыру тәжірибесін көрсетеді.
Спорт оның құрамында міндетті түрде өзара жарыстық элементтердің болуымен ерекшеленеді.
Қазақ жерінде осы күнгі спорттық жарыстардың пайда болуына негіз болды ма? деген сұраққа жауап іздей келе, халық арасында таралған ойындардың және жаттығулардың спорт түрлеріне айналуы үшін қандай алғышарттардың болуы қажет екендігін табудың маңызы зор.
Қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнау барысында өзара жарысу, бір нәрсеге таласу, оны дәлелдеу кезінде ойнаушылар арасында келісілген шаруаның өзгеріссіз толық орындалуы үшін келісімге келу, бәске тұруы, бәстесуі, шарттасулары жиі кездеседі, оны орындаудың арнайы рәсімдері де бар. Бәске бару кезінде әр жақ міндетті түрде орындауға қажетті істерге келіседі. Осы бәске тұру, шартқа отыру, қазіргі спорттағы жарыс ережелерінің негізін қалап, соның бастауы болды деп ойлаймыз, себебі спорттық жарыстар белгілі ережелерге бағынып өткізіледі, яғни келісілген шартты орындауға міндеттенеді.
Көне түркілерден бастап қазіргі қазақтарға дейін «Хан, Билеуші» деген сөз мағынасын сол елдің ортасы, кіндігі, елдің қорғаны, елді жарылқаушы адам деген ұғыммен астастырады. Ол адамның тікелей міндетіне өз елінің барлық тағдырын шешуді, басқаруды, тексеруді, тезге салуды, халық санын көбейтуді сеніп тапсырады. Осындай үлкен жауапкершілікті атқаратын адам, әрине, өзінің мықтылығын, ақылдылығын, ептілігін, денсаулығының жақсы екендігін дәлелдеуге тиіс болған, ол үшін жоғарыда айтылғандай жарыстар өткізілетін болған. Көне Грекиядағы олимпиадалық ойындар осындай билеушілерді сайлау жарыстарының жалғасы болды ма деген көзқарас білдіремін, оған себеп сол кездегі олимпиадалық ойындар жеңімпаздары құдай елшілері саналып, қоғамда үлкен дәреже иемденген. Олимпиада жеңімпазы басына гректер лавр жапырақтарынан жасалған венок кигізсе, түріктер қолдарына басшының белгісі ретінде шоқпар берген.
Қазақ халқында және көптеген елдерде қайтыс болған адамның жылын беру дәстүрі бар. Ел арасында беделді болған белгілі адамдардың жылын беру кезінде әртүрлі жарыстар ұйымдастыру, сол көне дәстүрдің жаңғыры деп білеміз.
Спортқа тән осындай ерекшеліктерін көрсете отырып, біз өзіміз қарастырып отырған тақырыпқа байланысты ұлттық ойындар мен спорттың дене мәдениеті мен үлкен спорттағы орнын айқындаймыз.
Ұлттық ойындардың тарихи пайда болуын зерттей келе, біз ойындардың адамдарды дене дамуына, шынығуына, еңбек етуіне бейімдеу мақсаттарында қажеттіліктен туғандығын көруге болады, сондықтан ұлттық ойындар мен спорт түрлері жалпы дене мәдениетін дамытудың негізі болып саналады деген тұжырым жасаймыз.
Біздің ата-бабаларымыз көшпенді халық болды, бірақ олар өздерінің адамзат тарихының дамуында жетекші орын алатындықтарын білмеді. Қазір біз сол көшпенділердің ұрпақтары ретінде тарихтың өзі дәлелдегендей Әлем халықтары дамуында өзіміздің жетекші роль атқарғанымызды айта аламыз. Оған мысал ретінде қазіргі кездегі ат жарыстарында қолданылатын тәртіп ережелердің қазақ халқында ерте уақыттан бар екендігі туралы деректерді келтіре отырып, осы ережелер қазіргі кезде көп өзгеріссіз қолданылатындығын ескеріп, қазіргі спорт салаларында қолданылатын ережелердің негізі біздің ұлттық ойындарымызда бұрыннан бар болған деген тұжырым жасауға болады.
Мысалы ХІХ ғасырда Құрбанғали Халидтің шағатай тілінде жазылған «Тауарих хамса-Бес тарих» кітабында 1783 жылдан ілгері Абылай хан мен тағы басқалардың ас беруі айтылады. Тарихта ас беру ежелден бар деуге болады дей келе, «ас берудің мұсылман дініне қатынасы жоқ, тек қатым түсіру кіргізілген» деп халқымызда ас беру дәстүрінің көне уақыттан бар екендігін көрсетеді [94]. Осы деректер қазақ халқындағы ас беру салтының сонау көне Грек жерлерінде өткізілген олимпиадалық ойындар кезінен бастау алатындығының тағы бір дәлелі деп айтуға болады.
Жер жүзіндегі барлық халықтардың өздеріне тән ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындары мен дене жаттығулары бар, олардың көпшілігі осы күнге дейін сақталса, кейбіреуі қолданыстан шығып ұмыт болды, ал кейбірі қазіргі спорт түрлеріне айналды.
Халықтар арасында таралған ұлттық ойындар туралы зерттеулер біршама болғанымен, спорт түрлерінің пайда болуы, дамуы, әсіресе ұлттық ойындардың спорт түріне айналуы туралы Қазақстанда ғылыми зерттеулер жоқ.
Шет ел зерттеушілерінің арасында осы тақырыпты қарастырған Вера Оливованың «Люди и игры» атты еңбекте ойындар мен әртүрлі жаттығулардың спорт түрлеріне айналуын Европа құрлығы көлемінде алады да, қорытынды сөзінде «Европа мәдениеті қазіргі спорттың бесігі болды» деп асығыс қорытынды шығарады [40].
Орыс зерттеушісі Н.И. Понамарев өзінің «Возникновение и первоначальное развитие физического воспитания» атты монографиясында халықтық ойындардың пайда болуының еңбек құралдарының пайда болуымен, адамдардың өз денелерінің шынығып жетілуімен байланыстырып зерттеп, спорт түрлерінің пайда болу генезисіне тоқталмайды [124].
Дене тәрбиесі тарихын зерттеуші белгілі ғалым Ласло Кун «Всеобщая история физической культуры и спорта» атты еңбегінде дене тәрбиесі мен дене жаттығуларының пайда болуын зерттей келе, дене жаттығуларының спорт түрлеріне айналуын қарастырмайды [75, С. 9-16].
Қазақстандағы дене тәрбиесі және спорт саласын алғашқы зерттеушілер қатарында болған профессор Мұратхан Таникеев «От байги до Олимпиады» атты кітабында археологиялық және тарихи деректерге сүйене отырып, қазіргі Қазақстан жерінде дене тәрбиесі мен спорттық жарыстардың дамуы көне заманнан бастау алып, әлемнің басқа бөліктеріндегіден кем болмағандығын толық негіздейді [138, Б.23-72].
Ойынды бастау алдында келісімге келу, бәске бару, шартқа тұру, оны бұлжытпай орындауға тәрбиелейтін ойындар мысалына халық арасында жақсы белгілі ұлттық ойындарының бірі «Тобық» ойынын алуға болады. Ойын малдың тобық сүйегін қолдану арқылы ойналады. Ойын той-томалақ, қонақ кезінде, ас үстінде замандас, дос-жолдастар арасында кенеттен басталуы ықтимал. Осы ас үстінде екі адам (құдашалар немесе құрбылар, т.б.) өзара ойынды ойнауға келіседі де, қалғандары ойын шартына куә болады.
Ойын басталар алдында келісімге келу, шартқа, бәске тұру рәсімі орындалады, оны ойнаушылардың орындауы міндетті екендігі қатаң ескертіледі. Оған куәлар болып сол жердегі отырған адамдар барлығы қатысады. Тобық ойынының басталғандығын естігендер мен көріп куә болғандар барлығы, бұның немен тынарына құлағдар болып жүреді. Ойын мерзімі бір айдан бастап, бір жылға дейін де созылуы мүмкін.
Ойынға екі адам өзара келісіп қатысады немесе бірнеше адам топтасып ойнайды. Тобық сүйегі кішкентай болғандықтан, ойнаушының ұстап жүруіне қолайлы. Тобықты қажетіне қарай тесіп, жіппен байлап алақанда ұстауға да болады.
Ойын басталғанда тобық, келісім бойынша, алдымен ойнаушының біреуінде болады. Оның мерзімі белгіленеді. Тобықты сұраушы адам тобыққа ие болған адамға кездескен жерде «Тобығым! Тобығым! Тобығым!» деп үш рет айтқан кезде, шарт бойынша талап еткен жерінен (қалтасынан, алақанынан, құлағына ілулі, шашына түюлі, ұртына сақтаулы күйінде, т.т...) алып, сұраушыға бере қоюы керек. Егер алып бере алмаса, жеңілгені. Ал тауып бере қойса, жеңгені.
Ойынды бастау кезіндегі келісім-шарт бойынша жеңілген адамға айып салу мәселесін де шешеді. Ол айып заттай немесе басқа да санқилы ойластырылған күлкілі, қызық, қиындау талаптар болуы да мүмкін. Бұл да көпшіліктің таңдауы арқылы шешіліп келісіледі.
Ойын ойнаушылардан, әсіресе тобыққа ие болған адамнан тапқырлықты, аса сақтықты, жылдамдықты, жүректілікті, сергектікті қажет етеді. Тобықты сұраушы адам кез келген жерде, кез келген, ойламаған сәтте сұрауы арқылы қарсы ойыншыны жаңылдыру үшін алдын ала айлакерлік, барлау жасауы да мүмкін. Сол арқылы қалай да жеңіске жету жолын іздейді.
Бұл ойынды білетін адамдар тобық ойынымен байланысты өте қызықты көптеген оқиғаларды әңгіме етіп жүреді немесе ойын шартын бұзған адамдарға ренішін айтып жүреді. Бұл да – ойын ойнау кезіндегі адамдардың қарым-қатынасындағы әділеттілік, сыйластық белгілері, сөзінде тұра білу нышандары болып табылады. Егер ойын ережесі келісілген уақыттан ерте бұзылса, шартты сақтамаған жаққа ойынбұзар айыбы салынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет