Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет24/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

2. «Жаяу көкпар»
«Көкпар» деген сөз «көк қасқыр», «көк бөрі» деген сөздерден шыққан деп саналады. Бұрынғы уақыттарда мылтық қаруы болмаған кезде қасқырды соғып алғаннан соң аңшылар ауылға қайтып келе жатқанда, кім бірінші ауылға өлтірілген аңды әкелетін жарыс ойынын жасаған. Бұл жарыс кейін ұлттық ойын “көкпар” деп аталып, көптеген елдерде кең тараған ойын түріне айналды.
Ойын орыны үлкен алаң. Қатысушылар саны 10-нан 30-ға дейін жетеді. Ұлдар және қыздар бөлек ойнайды. Ойын үшін “көкпар” (нығыздалған доп немесе іші жұмсақ заттармен толтырылған екі жағы байланған үлкендеу дорба) алынады.
Ойын алаңның екі жағынан бір-біріне қарама-қарсы сөре сызығы сызылады. Әр сызылған сөре сызығы ортадан санағанда мөлшермен бір-бірінен 50 м (келісім бойынша одан да ұзақ болуы ықтимал) қашықтықта орналасады. Алаңның дәл ортасына диаметрі 10 метр болатын шеңбер сызылып ортасына көкпар заты қойылады.
Ойнаушылар екі топқа бөлініп, өздеріне көрсетілген сөре сызығы бойымен қатарласып тұрады.
Басқарушының белгісі бойынша ойыншылардың бәрі алға ортадағы “көкпарға” қарай жүгіреді. “Көкпарға” ие болған ойыншы қарсылас топ орналасқан сөре сызығына қарай жүгіріп өз тобы ойыншыларының көмегіне сүйене отырып “көкпарды” қарсыластар сөресіне жеткізу. “Көкпарды” ұстаған ойыншыны қарсы топ ойыншылары қуып жетіп “көкпарды” тартып алып қоюға әрекеттенеді. Қай құраманың ойнаушысы “көкпарды” қарсыластар сызығынан бірінші өткізсе, сол топ жеңімпаз атанады. Ойыншы алған “көкпар” затын өзінің тобындағы ойыншыларға беруіне болады, зат қолдан-қолға ғана беріледі, затты бір-біріне лақтырып беруге болмайды. Кімде-кім заты бар ойыншыны қуып жетіп затты тартып алса ойын жалғаса береді, мақсаты затты алып белгілі мәреге бұрын жеткізу. Кім затты мәреге жеткізеді сол жеңіске жетеді, зат сыйлық сол топқа немесе жеке ойыншыға беріледі.
“Көкпар” ойыны адамның күшін, жылдамдығын, шыдамдылығын, ептілігін, батылдығын дамытады. Ойынға төрешілік жасау үшін 2 адам керек.

  1. Түлкі мен тауық.

Ойыншылар саны: 10-30 адам
Өткізетін орын: спорт зал, спорт алаңы
Керекті құрал-жабдықтар: гимнастикалық орындықтар.
Ойынға дайындық: залдың ортасына гимнастикалық орындықтар қатарластырып қойылады. Ойыншылар арасынан 2-3 «түлкі», бір аңшы сайланады. Қалған ойыншылар «тауықтар» болады. Алаңның бір бұрышына «түлкінің» үйі, екінші бұрышына аңшының үйі сызылады.
Ойын мазмұны: белгі берілгенде «тауықтар» орындық үстінен түсіп жайыла бастайды. Екінші белгі берілгенде «түлкі» қалаған «тауығын» ұстап алып, үйіне алып кетеді. Егер жолда оған аңшы кездессе «түлкі» «тауықты» жібере салып өз үйіне қашуы керек. Босанған «тауық» қайта «тауықтарға» қосылады. «Тауықтар» екінші белгі берілгенде жүгіріп орындық үстіне шығып үлгерулері керек. Егер аңшы «түлкіні» ұстап алса жаңа «түлкі» сайланады. Ойын біраз ойналғаннан кейін мүлде ұсталмаған ойыншы анықталады.
Ойын ережесі: түлкі тек бір тауықты ғана ұстауына рұқсат етіледі.
4. Қашарман
Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Ол үшін алдымен екі топтан «хан» сайланып, олардан «дау» беруші анықталады. Сосын ұзындығы бес қадам «дәуір» сызығы сызылады. Ал одан кейін оны қоршай «дәріп» шеңберінің іші қорғаулы болады. Онда тұрған ойыншыны қарсы топ доппен ұра алмайды. Ал шеңберден шығып кеткен ойыншыны қарсы жақ доппен ұруға қақысы бар. Егер «дәріп» шеңберінен шығып кеткен ойыншыға «дау» беруші допты тигізе алса, онда ол «үш дауға» ие болып, ауысу орын алады. Бұл ретте, «дау» беруші тарап бір ойыншыны «дау беруге», яғни допты ойынға қосуға қалдырады да, қалғандары «дәріп» шеңберін жағалай әуеден келетін допты аңдып тұрады. Ал ойыншының бірі әуеден келген допты жерге түсірмей қағып алса, онда ол «үш дауға» ие болады. Басқаша жағдайда, егер «дәріпке» қарай немесе одан кейін жүгіріп келе жатқан ойыншыға қарсылас жақ допты тигізе алса, онда ойын қайтадан басталады. Бұл ойын «бейсболға» да ұсас келеді. Ойын жастардың дені сау, шымыр болып өсуіне септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет