Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет67/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

95 Шілдек, (шүлдік)
Бұл – тақыр алаңда ойнайтын балалар ойыны. Ойынға екі басы үшкірленген ұзындығы бір қарыс шілдек ағашы дайындалады.
Ойын алаңына үлкен шеңбер сызылып, ортасына шүлдік қойылатын шұңқыр қазылады, шүлдік шұңқырдың ішінде емес, үстінде, шетінде жатуы керек. Әр ойыншыда ұзындығы бір метрдей келетін ағаш таяғы болуы керек. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойнаушылар екі топқа бөлініп ойнайды.
Ойнаушылар кезек алысып, біріншіден бастап әрқайсысы шүлдікті қолындағы таяғымен жерден көтеріп алып, жерге түсірмей соғады да, таяғын шеңбердің үстіне тастайды. Ал екінші кезектегі ойыншы шүлдікті түскен жерінен алып қайтадан, соққан ойыншының таяғын көздеп шеңберге қарай лақтырады. Лақтырған кезде таяққа тигізсе, я болмаса шеңбердің ішіне түсірсе, онда соққан ойыншы ойыннан шығып қалады, ал ең бірінші шүлдікті жерден көтеріп, жерге түсірмей соққан кезде де тигізе алмаса, онда бірінші ойыншы шүлдікті шекіп соғады, әр соққанда үш реттен соғады. Сөйтіп қай жерге апарып түсірсе, сол жерден дөңгелек сызыққа дейін таяғымен өлшеп санап келіп, екінші ойыншыға ұпай салады. Бірінші ойыншы әлгі себептерден ойнай алмай ойыннан шығып қалса, онда екінші соғушы болады, ол шығып қалса, үшінші ойыншы соғушы болады.
Ойын осылайша бәрі ойнап өткенше жалғаса береді.
96. Теңге ілу, Салма ілу, Күміс алу
Теңге ілу – қазақтың ұлттық ат спортына жататын ержігіт сайысына арналған ертеден келе жатқан ойындарының бірі. Көбіне қыз ұзату, келін түсіру, сүндетке отырғызу тойларында ойналады. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Жігіттің атқа отыру мықтылығы, ат үстіндегі әрекеті, денесін игеріп алатын ептілігі сыналады. Теңгені жерден ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да кездеседі.
Атқа мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен бірнеше жерге орамалға түйіліп тасталған теңгелерді жерден іліп әкетуі тиіс. Теңге жатқан жерге іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды.Теңгені көп ілген салт атты жеңімпаз аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет