Ермек ойындар
287
|
«Әупірім-әупірім, әуп» ойыны
|
Топтық
|
Шыдамдылық
|
Қажет емес
|
|
288
|
Шертпек, Тоқай, Кертоқай
|
Жекелей
|
Шыдамдылық
|
Қажет емес
|
|
289
|
Қойтақым
|
Жекелей
|
Шыдамдылық
|
Қажет емес
|
|
290
|
Алақан қысу
|
Жекелей
|
Шыдамдылық
|
Қажет емес
|
|
291
|
Қозы ұстау
|
Жекелей
|
Жылдамдық, ептілік
|
Қажет емес
|
|
292
|
Қошқар сүзістіру
|
Жекелей
|
Қызықтау
|
Қошқарлар
|
|
293
|
Қай қолымда?
|
Жекелей
|
Тапқырлық
|
Қажет емес
|
|
294
|
Су жалатпақ
|
Жекелей
|
Лақтыру, ептілік
|
Жалпақ тас
|
|
295
|
Зырылдауық
|
Жекелей
|
Ептілік
|
Жіп, түйме
|
|
296
|
Өгіз жығу
|
Жекелей
|
Күш
|
Өгіз
|
|
297
|
Қарын тірестіру
|
Жекелей
|
Күш
|
Қажет емес
|
|
298
|
Су астынан зат алу
|
Жекелей
|
Шыдамдылық
|
Заттар
|
|
299
|
Үрлеп құлату
|
Жекелей
|
Үрлеу
|
Қағаз
|
|
300
|
Көз қарастыру
|
Жекелей
|
Шыдамдылық
|
Қажет емес
|
|
301
|
Саусақ жазу
|
Жекелей
|
Күш
|
Қажет емес
|
|
302
|
Қарыс жарыстыру
|
Жекелей
|
Жылдамдық
|
Қажет емес
|
|
303
|
Өрден домалау
|
Жекелей
|
Жылдамдық
|
Қажет емес
|
|
304
|
Саусақ жасыру
|
Жекелей
|
Байқампаздық
|
Қажет емес
|
|
305
|
Байқап қал!
|
Топтық
|
Есте сақтау
|
Заттар
|
|
306
|
«Жігі-жігі балдай»
|
Жекелей
|
Жүгіру
|
Қажет емес
|
|
307
|
Аяқ басу
|
Топтық, жекелей
|
Жылдамдық, ептілік
|
Қажет емес
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ел арасында немесе дереккөздерде аттары бар, бірақ әзірге мазмұны белгісіз ойындар
|
|
|
|
|
|
|
308
|
Шұқыма
|
|
|
|
|
309
|
Қалтырауық кемпір
|
|
|
|
|
310
|
Етік ауыстыру
|
|
|
|
|
311
|
Жүн сабау
|
|
|
|
|
312
|
Әйкел
|
|
|
|
|
313
|
Жемекіл
|
|
|
|
|
314
|
Айдапсал
|
|
|
|
|
315
|
Қолтұзақ
|
|
|
|
|
316
|
Саққұлақ
|
|
|
|
|
317
|
Қарт-құрт
|
|
|
|
|
318
|
Қара құлақ
|
|
|
|
|
319
|
Алты аттау
|
|
|
|
|
320
|
Тоғыз аяқ, тоғыз табақ
|
|
|
|
|
321
|
Атжүргін
|
|
|
|
|
322
|
Ошақ
|
|
|
|
|
323
|
Жалмауыз кемпір
|
|
|
|
|
324
|
Қарлығаш пен қарға
|
|
|
|
|
325
|
Қасқұлақ
|
|
|
|
|
326
|
Өрмекші
|
|
|
|
|
Ойындарды жинақтап, топтаған профессор Е. Алимханов
Педагогикалық анықтамалар мен ойындар сөздігі
Ойын арқылы педагогикалық тұрғыдан білім және тәрбие берудің ұтымдылығын жақсарту және тәжірибеде қолдануға ыңғайлы болуы мақсатында педагогикалық анықтамалар мен терминдік сөздер беріліп отыр.
Білім беру – тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі. Білім беру, оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады.
Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының т.б. жиынтығы. Білім – сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, ақиқат, парасат, ғылым т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі солар арқылы анықталады.
Оқыту – оқушы мен оқытушы арасында жүргізілетін ұйымдастырылған педагогикалық процесс. Оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатында бағытталған алдын ала жоспарланған іс-әрекет. Оқытудың негізгі формасы – сабақ беру. Оқыту дамытушылық, проблемалық, технологиялық, әдістемелік т.б. болып бөлінеді.
Педагогикалық шеберлік – тұлғаның әдіс-тәсілдерді терең меңгеруі, психологиялық дайындығының жоғары болуы, педагогикалық технологияны және өз кәсібін жете меңгеруі және т.б. жатады.
Болашақ – бүгінгі шындықтың келешектегі қалпы мен жайын білдіру үшін қолданылатын ұғым. Болашақ адамның, қоғамның, жалпы адамзаттың және құбылыстардың даму сатылары болып табылады. Адамзаттың болашағы адамдардың нақты тарихи-тәжірибелік қызметімен айқындалады. Болашақты болжаумен футурология ғылымы айналысады.
Даму – қайталанбайтын, заңды және бағытты өзгерістерді білдіретін философиялық-ғылыми категория.
Дарындылық – адам қабілетінің ерекше дамыған түрі. Дарындылық адамның белгілі бір ғылым, өнер т.б. салаларда ерекше жетістікке жетуінен байқалады.
Адалдық – адам мінезіндегі бағалы қасиет жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ожданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер.
Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы “кісілік“, “ізгілік“, “имандылық“ тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік қасиетке адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық т.б. қасиеттерді жатқызуға болады.
Әдеп – қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сай ретке келтіру болып табылады.
Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы.
Педагогикалық басқару – бір ұйымды алға жетектеу. Ұжымның барлық іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау. Қазіргі кезде басқару менеджменті деп те аталады.
Педагогика – қоғам мен табиғаттың теңдесуін, өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына көмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым.
Этнопедагогика – жалпы педагогика ғылымының құрамдас бөлігі. Халықтардың этностық айырмашылықтары арқылы дамыған педагогикалық тәрбие салаларын зерттейді.
Салыстырмалы педагогика – әртүрлі елдердегі білім беруді сараптаумен айналысады.
Тәрбие – жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мақсатты және ұйымдасқан түрде жүзеге асырылатын үрдіс.
Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі.
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның белгілі мақсатқа бағытталған, өзін-өзі жетілдіруі, кемшіліктерінен арылу әрекеті.
Педагогикалық технология – оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерінің жиынтығы немесе ұстаздың нақты іс-әрекетіне байланысты және алдына қойған мақсаттарына жетуге бағытталған белгілі ретпен орындалатын іс-шаралар.
Кісілік – жеке тұлғаның кемеліне келіп, адами құлқы қалыптасып, адамгершілікпен атқарған іс-әрекетінің көрінісі.
Көзқарас – дүниетанымның құрамдас бөлігі болып табылады. Дүниеге көзқарастың өзі адамның дүниедегі орны жайындағы түсініктердің жиынтығы.
Таным белсенділік – адамның ақыл-ой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін, ғылыми ұғымдары терең түсінуге, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтарға жауаптарын табады.
Біліктілік – адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.
Басқару – шешім қабылдауға бағыталған, белгіленген мақсатқа сәйкес ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған ақпарат негізінде талдау жасап нәтижесінің қорытындысын шығару, бағалау әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |