Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет63/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

84. Егер...
Ойынға 5-6 адам қатысады. Ойын бастаушы өзі «егеp...» – деп бір сөйлемді бастайды да, жалғасын ойыншылардың біреуіне жалғастыр дейді. Ойыншы сөйлемнің жалғасын ойын басқарушының құлағьна сыбырлап айтады, енді ойын басқарушы: «Онда...» – деп тағы екінші ойыншыға құлағын тосады, ол өз кезегінде сөйлемнің аяғын ары қарай жалғастырады. Ең соңынан басқарушы барлығының айтқан сөздерін көпшілікке естірткенде қызық сөйлем шығады.
Мысалы: бірінші ойыншы «Егер... оны көрсем» десе, екінші ойыншы: «Онда... менің басым ауырады» – дейді т.с.с.
85. Отырмақ
Бұл ойында екі орындықтың арасына бір орындық сиятындай етіп бос қойып үстерін жапқышпен жауып қояды, бос орынды сездірмеу керек. Екі орындыққа 2 қызды отырғызады, ортасы бос тұрады. Ойын басқарушы бір жігіттің көзін таңып, отырған екі қыздың бір қолдарынан ұстатады да қай таңдағаныңның жанына отыр дейді. Көзі байлаулы жігіт орындыққа отыра бергенде, екі қыз тұрып қетіп бос жамылғының үстіне отырған жігіт құлап түседі, көрермендер жерге құлаған жігітке күліп мәз болады.
86. Аттамақ
Бұл ойында ұзындығы 1-2 метр келетін үш жіпті екі ұшынан 6 адам керіп ұстап тұрады. Бірінші жіпті төмен, екіншісін жоғары, үшіншісін тіпті төмен ұстайды. Ойын шарты бойынша ойыншы осы жіптерге аяғын тигізбей, аттап өтуі керек. Бір ойыншы төмен жіптен аттап өтсе, екінші биіктен еңкейіп өтеді, үшіншісі одан да төмен, оны тағы да аттап өтуі керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп, осы жіптерден бірнеше рет өткізіп жаттықтырып алады да, содан соң көзін байлап, бір-екі айналдырып жіпке қарай қоя береді. Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті білдірмей тез жинап алады, ал көзі байланған ойыншы өзінше әрекеттеніп жіптерден аттап жүреді. Көрушілер жігіттің сәтсіз әрекеттерін көріп мәз болады.
87. Марламқаш
Марламқаш ойыны жаздың жылы айларынды ойналады. Қараңғы түскенде ойыншылар жиналып екіге бөлінеді. Ойын алаңының бір жерін «Орда» деп белгілейді. Ойыншылардың тығылатын бөлігі сырт киімдерін алысырақ жерге барып, тек өзі білетін жерге тығып, өзі басқа жерге жасырынып жатады. Қалған екінші топтағылар жасырынғандарды іздеп ұстауға шығады. Іздеушілер іздеп шығысымен барлығы айқайлап жүгіріп айтатындары: Марламқаш, Марламқаш, мені көрсең,тұра қаш!
Жасырынған балалар іздеушілер үстіне жақындап келіп қалғанша жата береді. Жанына тіпті жақын келгенде өздерінің киімі тығылған жерге қарай тұра қашады. Қуатын балалар мақсаты жасырынғандарды киімдері тығылған жерге жеткізбей қуып жетіп ұстау болып табылады, егерде қуып ұстап алса, онда «Ордаға» дейін арқасына мініп келеді. Ойынды барлық тығылғандар ұсталғанға дейін жалғастырады. Ойын қайта басталғанда қуған жағы жасырынып, қашқан жағы енді қууға шығады. Ең жүйрік баланың жүйріктігіне арналған мойнында тұмары да болады. Сондықтан жүйрік болып, осындай атақ алу үшін жаздыгүні балалардың сүйіп ойнайтын ойындарының біреуі осы «Марламқаш» болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет