Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет89/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

152. Атқаума (1 нұсқа)
Ойын алаңына шыққан балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтың жетекшісі сайланады. Арасы он метрдей қашықтықта екі шеңбер сызылады. Ойынға бір топтың екі ойыншысы шығады. Біріншісі өзінің сол қолымен оң қолының білезігінен мықтап ұстайды, екінші бала да осылай ұстап, екеуі де бос тұрған оң қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды. Айқасқан төрт қол «орындық» болады. Қарсы топтан бір ойыншы шығып сол «орындыққа» аяғын салбыратып отырады. Көтеріп келе жатқан екі ойыншы:

  • Ат қаума, ат қаума,

  • Арқар атқан қай тауда? – деп қайталап, көтеріп өз шеңберлерінің үстіне әкелгенде:

  • Ат қаума, ат қаума,

  • Арқар атқан ақ таума?

  • Көк тау ма?

  • Көк тау болса,

  • Көп тау ма?

  • Ал тастадық бұл тауға – деп қолдарында отырған баланы жерге тастап жібереді. Қолда отырған бала жығылмай ептілікпен тез тұрып кету үшін сақ отыруы керек. Егер қолда отырған бала жерге құлап түссе, онда қолдарымен көтеріп келгендер тобы жеңеді, ал егер «орындықта» отырған бала жерге құламай аяғында тұрып қалса, келесі топ жеңеді. Жерге тастап жіберген бала шеңберден шықпай тұруы керек. Ойын шарттары бойынша, ұтылған жақ жеңгеннің барлық сұраныстарын орындайды. Ойын екінші топпен қайталанады. Ойын осылай жалғаса береді.

Атқаума (2 нұсқа)
Ойын алаңына шыққан балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтың жетекшісі сайланады. Арасы он метрдей қашықтықта екі шеңбер сызылады. Ойынға бір топтың екі ойыншысы шығады. Қарсы топтан бір ойыншы шығады, оның көздерін орамалман байлайды. Екі бала қолдарын айқастыра ұстап «орындық» жасайды да, үшінші көздері байланған баланы «орындыққа» отырғызады. Отырған баланың көздерін орамалмен жауып байлайды да, “атқаума, атқаума, атқаума” деген сөздерді айтып белгіленген орынға шеңберге дейін көтеріп апара жатқан кезде, көтеруші екеуінің біреуі ойын сөздерін айтады: “Ақ сандық, көк сандық!”
Көздері орамалмен байланған бала жауап береді:
“Көк сандық, аспанда не көрдің?
Жауап: “Жұлдыз көрдім!”
Сұрақ: “Жерден не көрдің?”
Жауап: “Аң көрдім!”
Екі бала:
“Мұнда сусыз қыр,
Мұнда адам бар,
Мұнда көл бар!” – деп, қолдарын жылдам босатады. Егер қолда отырған бала жерге құлап түссе, онда қолдарымен көтеріп келгендер жеңді, ал егер «орындықта» отырған бала жерге құламай аяғында тұрып қалса, ол жеңеді. Жерге тастап жіберген бала шеңберден шықпай тұруы керек. Ойын шарттары бойынша, ұтылған жақ жеңгеннің барлық сұраныстарын орындайды. Ойын екінші топпен қайталанады. Ойын осылай жалғаса береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет