Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған


Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спортының педагогикалық мәні



бет12/151
Дата02.03.2023
өлшемі481,97 Kb.
#170766
түріМонография
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   151
Байланысты:
Е. алимханов

3. Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спортының педагогикалық мәні
Халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеуде жинақтаған бай тәжірибесін халықтық педагогика деп атайды. Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте: «Халық педагогикасы дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырларға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау процесінің эприкалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру» деген анықтама берілген [122].
Осыған қосарымыз адамгершілік, имандылық деген сөздің алдына елін- жерін сүйетін патриот адамды тәрбиелеу деген сөзді енгізу қажет деп білеміз.
Қазақ халқының өзіне тән мәдени, рухани, әдеби дәстүрі тарихы көптеген мыңжылдық уақыт аралығында қалыптасты. Шығыс мәдениетінде өзіндік үлкен орны бар Ұлы Даланы мекендеген түркі тектес халықтар бір тілде сөйлеп, әлем мәдениетінің қалыптасуына теңдесі жоқ үлес қосты.
Халықтық педагогика барлық халықтардың ұрпақ тәрбиелеудегі жинақтаған тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны өмірде қолданудың әдістемелік тәсілдерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негіздейтін, болашақта даму барысын зерттейтін сала болып табылады.
Халықтық педагогиканың негізгі бір саласы – этнопедагогика болып табылады. Ғылымда этностардың өмір сүру ұзақтығын 1200-1500 жыл деп мөлшерлейді. Тарих сахнасында этностардың бір-бірімен қосылып араласуы салдарынан бір этностардың жоғалуы кейбірінің жаңадан пайда болулары туралы мысалдар көптеп кездеседі. Бірақ бұл мерзім экономикалық, әлеуметтік, географиялық жағдайларға байланысты бірде ұзақ, бірде қысқа болуы мүмкін. Қазақ халқының өзіне тән мәдени, рухани, әдеби дәстүрі тарихы көптеген мыңжылдық уақыт аралығында қалыптасты.
Шығыс мәдениетінде өзіндік үлкен орны бар Ұлы Даланы мекендеген түркі тектес халықтар бір тілде сөйлеп әлем мәдениетінің қалыптасуына теңдесі жоқ үлес қосты.
Қазақтың халықтық педагогикасының дамуын ғалым п.ғ.д., профессор С. Қалиев шартты түрде төмендегідей кезеңдерге бөледі:

  • бірінші дәуір: б.д.д. тас, қола замандары. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие;

  • екінші дәуір: б.д.д. VII – III ғғ. б.д.v ғ. дейін. Сақтар мен гундердің жауынгерлік тәрбиесі;

  • үшінші дәуір: VI-IX ғғ. аралығы. Ұлы түрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие;

  • төртінші дәуір Х-ХV ғғ. аралығы. Араб-шығыс мәдениеті, орта ғасыр ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері;

  • бесінші дәуір ХV-ХVIII ғғ. аралығы. Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық-тәлім-тәрбие көріністері/жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар;

  • алтыншы дәуір ХVIII ғ.-дан ХХ ғғ. 20-ж. дейін. Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі ұлт-азаттық козғалысы мен ағартушылық-демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие;

  • жетінші дәуір 1920-1990 жж. аралығы. Кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогиканың қалыптасуы;

  • сегізінші дәуір 1991 ж. кейінгі егеменді ел. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің өркен жаюы.

Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы және даму кезеңдерін үш кезеңге бөледі:

  • Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі (ХІХ ғ. 2 жартысы);

  • Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі (1920-1030 жж.);

  • Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі (1970-2000 жж.).

Автор Халық педагогикасының «Толық адам» тәрбиелеу қағидасында тәрбие түрлерін 8 бағытқа бөліп, оның ішінде жеке тарау ретінде «Дене шынықтыруды тәрбиелеу» деп көрсетеді [79, Б.83-87].
Халықтық педагогиканың негізгі қағидаларына тоқтала келіп тәрбиенің біртұтастығына, дамыта тәрбиелеу, тәрбие жұмысының үздіксіз жүргізілуі, тәрбие жұмыстарын ұжымдық түрде жүргізу сияқты басты бағыттарына үлкен көңіл бөле отырып, осы қағидалардың қазіргі педагогикалық қағидалармен үндес екендігін көруге болады. Осыдан барып халықтық педагогиканың қазіргі ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуының бастауы болғандығын көреміз.
Жоғарыда айтқанымыздай, халықтық педагогиканың негізгі бір саласы дене тәрбиесі болып табылады, осы дене тәрбиесі педагогикасының көне бастауы ұлттық ойындардан бастау алады да, бала тәрбиесінен бастап, ел қорғауға қажетті адамдар тәрбиелеуге дейінгі маңызды жұмыстар осы халықтық дене тәрбиесі педагогикасының тәжірибелерінде жинақталған.
Педагогикалық теорияда ойындар түрлері, оның ішінде ұлттық ойындар баланың ақыл-ойының және денесінің дамуына қажетті негізгі қызмет түрі ретінде қарастырылады. Ойын балаға қажетті қозғалыс пен эмоциялық серпілісті қанағаттандыратын іс-әрекеттер туындатып, бала психикасының дамуына себепші болады.
Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында 1918 жылы Ташкент қаласында өткізілген Түркістан аймағының халыққа білім беру сьезінің маңызы үлкен болды. Осы сьезде халықтың жаппай сауатсыздығын жою мақсатында мұғалімдер даярлау, мектептер ашу мәселелері көтерілді. 1921 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитеті жасы 16 мен 51 аралығындағы білімі бар адамдарды сауатсыздықты жою мәселесіне жұмылдыруға шақыру жұмыстары қолға алынды. 1921 жылы Түркістан аймағында төрт институт ашылды. 1921 жылдары 2410 бастауыш және орта мектептер болды, бірақ осы мектептердің көпшілігі 1922 жылдан бастап жабыла бастады. 1925 жылы өткізілген 5 Жалпықырғыздық (Қазақтық) сьездегі Халық ағарту комитетінің мәліметі бойынша осы кезеңдерде халық ағарту саласында айтарлықтай жетістіктер болмағандығын атай келе, оқыту тілі бойынша орыс тілінде – 1183, қазақ тілінде – 649, өзбек тілінде – 33, неміс тілінде – 24 болды [162].
1924 жылдан бастап мектептерге дене шынықтыру сабағы енгізіле бастайды, бірақ мамандардың жетіспеуі салдарынан дене шынықтыру сабақтары өткізілмеді. Осы кезеңдерде Халық ағарту комитетінен басқа дене тәрбиесі мен спортты дамытуға арналған кәсіподақ үйірмелері ашыла бастады. 1926 жылы жоғары оқу орындары ректорларының жиналысында студенттер арасында дене тәрбиесі жұмыстарын өткізу туралы шешім қабылданды. Жоғары оқу орындарында аптасына 1, 2 курс студенттері үшін 2 сағат, техникумдарда аптасына 1 сағат дене шынықтыру сабақтары өткізіле бастады, сабақтар жеңіл атлетика, шаңғы, спорттық ойындар, бокс, мылтық ату сияқты түрлерден өткізілді.
Тарихтан белгілі 1917 жылы жүргізілген санақ бойынша қазақтар саны 6 миллионды құрады, ал 1937 жылғы санақ бойынша қазақтар саны 1 миллион 900 мыңға кеміді деп жазады демограф Тәтімов. Осы кезеңдер, қазақ халқының өмірінде өте қаралы жылдар болды, қазақтар саны өз жерінде 82 пайыздан 29 пайызға дейін азайды. Тарихшылар мен демограф зерттеушілердің дәлелдері бойынша қазақ халқы санының осыншама кеміп кетуі патшалық Ресей империясының отаршылдық саясаты мен Кеңес үкіметі кезінде жоспарлы түрде ұйымдастырған ашаршылық (1920-1932 ж.), коллективтендіру (1922-32 ж.), репрессия (1937-38 ж.), осы қуғын-сүргіннің жалғасы 1953 жылға дейін жалғасты [147, Б.186-199].

2-кесте – Қазақстандағы ұлттық құрамның XX ғасырдағы өзгеру барысы (пайыздық көрсеткіш бойынша)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет