149. Мысық пен тышқан (1 түрі)
Ойын алаңда ойналады. Ойнаушылар шеңбер жасап қол ұстасып тұрады. Орталарынан екі адамды шығарып, оның бірін "тышқан", екіншісін "мысық" етіп белгілейді. "Тышқан" шеңбер ішінде қалады, ал "мысық" шеңбер сыртында тышқанды аңдып жүреді, оны ұстауға тырысады. Мысық шеңбер ішіне кіріп кетсе, онда ойыншылар тышқанды сыртқа жіберіп, мысықты оған жібермеуге тырысады, ол үшін бір-бірінен ұстасқан қолдарын мысықтың алдына тоса қояды. Айласын асырып бір кезде мысық тышқанды ұстайды. Одан соң мысық пен тышқан басқа ойыншылармен ауыстырылады немесе екеуі орын ауыстырады. Ойын осылай жалғаса береді.