276. Қабырға доп Қабырға доп ойнаушыларға ептілік, дәлдік, санау, шыдамдылық, секіргіштік, жылдамдық, ептілік сияқты дене қабілеттерін жетілдіруге үйретеді. Қабырға допты ойнау үшін кішкене алақанға сиятындай доп қажет. Бұрында допты көктем кезінде сиырдың түлеген жүнінен жасап алатын. Ойынды 2 адамнан 4 адамға дейін топталып ойнаған тиімді. Ойнау үшін үйдің қабырғалары тиімді болып келеді. Ойынды бастау үшін ойыншылар арасында өзара санамақ арқылы келісім жасалады.
Ойын мазмұны:
1. Ойыншы қабырғаға қарап тұрған бойда алдымен алдын ала келісілген сан бойынша (мысалы 5 реттен) оң және сол қолымен допты қабырғаға соғып түсірмей орындап шығуы керек;
2. Ойыншы допты қабырғаға соғуды екі қолымен (5 реттен) орындайды;
3. Ойыншы допты қабырғаға соғуды енді маңдаймен (5 реттен) орындайды;
4. Ойыншы допты қабырғаға соғуды енді допты ұстаған қолын артынан орап лақтыру арқылы (оң және сол) 5 реттен орындайды;
5. Ойыншы допты алға қабырғаға соғу барысында қабырғадан қайтқан допты оң және сол аяғын көтеру арқылы астынан өткізіп, допты ұстап алуы қажет.
Ойынды келісім бойынша түрлендіріп өткізуге болады.