Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет211/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

272. Аяқпен күресу
Күші теңдес болып келетін екі жігіт шалқасынан кілем үстіне қатарласып жатады да, бастары қарама-қарсы бағытта, аяқтары қатарласқан. Бұдан кейін сол жатқан беттерінде бірінің қолынан бірі (қатарласып жатқан жақтағы бір-бір қолдарымен) қатты қыса қолтықтасып алады да, әркім қатарындағы адамның жоғары көтерілген аяғын бір-бірін өкшесімен іліп алады. Мақсаттары – әркім өзінің қатарындағы адамның қалтасынан аяғымен іліп алып, басынан асырып аударып тастауы қажет. Осы мақсатты орындағаны жеңгені болып саналады.
273. «Сірес» 
Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады. Бір жігіт таза көгалды жерге немесе спорт залында төселген кілем үстіне екі қолын төбесіне қойып шалқасынан денесін сірестіріп ұстап жатады. Ол барлық буындарын қозғалмайтындай етіп ұстап, сіресіп, түзу жатуы керек. Екінші жігіт жатқан кісінің аяғының үстінен келіп, міне тұрады да, еңкейіп, екі қолымен оның тізесінің астынан айқастыра құшақтап, оны тік тұрғызғанша көтеруге тырысады. Сонда көтеруші адам күшті болса, оны көтерген сырықтай етіп тік тұрғызады. Көтере алмаса, қарсыласының айтқанын орындайды. Екінші кезекті жатқан жігіт алып, өз күшін сынайды.
274. Дәл басу
Бұл ойыншының көп-аздығына қарамай жиналғандардың қатысуымен ойнала береді. Балалар жиналып болған соң, бір бала тас не кішкене орындық затты тікесінен қойып, осыны дәл басу үшін балалардың көзін кезекпен байлап, 15—20 қадамдай жерге апарып тұрады. Көзін байлаған бала адымдап келіп, тігулі тұрған нәрсені дәл төбесінен басуы керек. Баса алмаса, айып тартады. Кім дәл басса, сол бала жеңіп шығады. Ойын көгалда, жазық алаңда, тегіс аулада өткізіледі. Ойын бағдарлай білуге, сезімталдыққа үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет