Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет208/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

267. Қызыл жалау
Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Топтың әрқайсысында ұлдар мен қыздар саны бірдей, жас мөлшерлері қарайлас болғаны дұрыс.
Ойынға төреші сайланады. Ойынға ұзындығы 50-100 м, ені де 50-100 метр келетін алаң таңдап алынады. Алаңның ұзындығының екі басына екі қызыл жалау қадалады. Ойын мақсаты бойынша бір топтың ойыншылары екінші топтың ойыншылары қорғаған қызыл жалауды жұлып алып алаңның екінші басындағы өз жалаушалары тігілген жаққа әкелу. Жалаушалар диаметрі 2-3 метр шеңбер ішіне тігіледі. Жалаушаны қорғаушылар шеңбер ішіне енулеріне болмайды. Төрешінің ойынды бастауға рұқсатынан кейін әр топ ойыншылары өздерін ұстатпай қарсы жақтағы қызыл жалау тігілген жерге жүгіріп жетуге тырысады. Ұстағанда ойыншының денесіне қуушының қолы тисе болды, қашушы ойыншы сол орында тұрып қалуы тиісті. Яғни ол қолға түсті деп есептеледі. Енді қолға түскен ойыншыны қолға түспеген өз тобының ойыншысы босатып алуына болады. Босату үшін ол өз жағы ойыншысы тұрған жерге келіп денесіне қолының ұшын тигізуі қажет, бірақ өзін қарсы жақ ойыншылары ұстап алмайтындай сақтық жасауы тиіс. Ойынды уақыт мөлшерінде ойнауға болады, мұндай жағдайда екі топқа теңдей уақыт беріледі де, сол уақытта қай команда ойыншылары қызыл жалауды өз жағына көп рет әкеледі сол жақ жеңген болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет