264. Ойла да орында Бұл ойынды бірнеше шағын топ болып ойнауға болады. Ойын басталар алдында әрбір топқа тапсырма беріледі: олар бір сөз ойлап табуы тиіс, бірақ ол сөздің буындарын не тұтас мағынасын іс-әрекет, қимылмен өзге топтың ойыншыларына түсіндіре алатындай етіп ойластырады.
Бұл ойынды әуелі бір топ ойнайды. Өзгелері қарап отырады. Мысалы: «Қасқыр» деген сөзді алайық. Ойнайтын топ үшке бөлініп, біріншісі «қа» дейді барлығы қасқырша алаң-жалаң етіп, жерді иіскелеп, бір нәрседен қорыққандай болып, не болмаса қойға шапқандай сыңай танытып, тақия, бөрікті ауыздарына тістеп қашқан болады; екіншісі «с... с... с...» деп ысылдайды; үшіншісі «қыр» деп сақалды не қазанды қырған болады.
Мұның мағынасын шешетін топтың ойыншылары өзapa ақылдасып, «қасқыр» сөзінің жасырылғанын ойлап табады да, «қасқыр» деп айқайлайды. Жасырған топ дұрыс болса шындарын айтады, ал дұрыс болмаса үндемей отыра береді. Егер «қасқыр» сөзін буынға бөлмей, тұтас жасырған болса, ойнаушы топтың көбі «қой» болып жайылып жүреді де, оларға бір-екі бала «қасқыр» болып шабады. Барып «қойларды» тісімен тартып жеген болып, онан тойғаннан кейін қырға қарай қашқан қасқырдың іс-әрекетін жасайды. Ойын аяқталғанда жасырған сөзді таппаған топтың ойыншылары өнер көрсетеді.