Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет219/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

Ермек ойындар
287. «Әупірім-әупірім, әуп» ойыны
Бірнеше бала «әупірім-әупірім, әуп» деп айтып, соңғы «әуп» деген кезде ауыздарына ауаны көп етіп толтырып ұстап қалады. Ойын шарты бойынша толған ауаны көп уақыт ауызда ұстап тұрулары керек. Ойыншылар бір-бірін күлдіруге тырысып әртүрлі әрекеттер жасайды. Ойын соңында балалар ауыздарына толған ауаны екі қолдарымен қыса басып, әртүрлі дыбыстар шығарып аяқтайды.
288. Шертпек, Кертоқай (Кертұқыл), Тоқай (тоқымақ).
Балалар мен ересек адамдар арасында бір-бірінен шертпек, тоқай, кертоқай алулары жиі кездеседі. Шертпек, тоқай, кертоқай алу көбіне біреу ойын шартын бұзса немесе келісілген шартты орындай алмаса, айып ретінде қолданылады. Шертпек қол саусақтарының бірімен шерту арқылы орындалады, шертпекті барлық саусақтармен де орындауға болады.
Шертпек түрлері:

  • маңдай шертпек;

  • төбе шертпек;

  • желке шертпек;

  • құлақ шертпек;

  • мұрын шертпек;

  • самай шертпек;

  • иек шерпек болып бөлінеді.

Кертоқай (Кертұқыл) қолдың бас бармағын төбеге қадау арқылы басталып, жұмылған жұдырық саусақтарының ортаңғы буыны қырынбастың құйқасына батыра жылдам реп өту арқылы орындалады. Осы әрекетті кері орындауға да болады. Ойын барысында айып салмағының ең ауыры ретінде «Тоқай» (Тоқымақ) алу да бар, оны орындау барысында бастың төбесіне шынтақты батыра тіреп барып, жұмылған жұдырықпен бастан қағып өту түрінде орындалады. Өзара келісім бойынша он шертпектің орнына бір «кертоқай», он кертоқайдың орнына бір «Тоқай» (Тоқымақ) қолданып жатады.
289. Қойтақым
Қойтақым қазақтың ермек ойындарының бірі болып табылады. Қойтақымды үлкен ер адамдар балалардың ер жетіп қалғандығын сынау үшін, қолмен мытығанда шыдамдылығын немесе ойынбұзар ретінде де қолдануы ықтимал. Қойтақым қол саусақтармен адамның сан етін қатты қысу арқылы орындалады. Сан етті қатты қысу барысында оған шыдас беріп, дыбыс шығармай төзу баланың мықтылығын, төзімділігінің жақсы екендігінің көрінісі болып қабылданады. Ал қойтақым алу кезінде баланың дауыс шығаруы, ойбайлауы, жылауы оның әлсіздігін көрсетеді деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет