Дене тәрбиесі құралдары – дене жаттығулары, табиғаттың сауықтыру мүмкіндіктері, гигиеналық талаптар жиынтығы.
Спорт – жарыстық негізге бейімделген ойындар түрлері. Спорт жарыстары арнайы бекітілген ережелерге бағынып өткізіледі, жарыс жеңімпаздары анықталады. Спорттағы түпкі мақсат ең жоғарғы нәтиже көрсету, жеңу блып табылады.
Кәсіпқой спорт –спортшы күн көрісі, табысының басты кірісі спорт болып табылады. Кәсіпқой спортта спортшы еңбегі тауар болып саналып, еңбек ақы келісілген шарт бойынша реттеледі.
Дене күш-қуаты –адам денесі күш-қуатының өсіп жетілуі, олар шартты түрде күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік, ептілік түрлеріне бөлінеді.
Бұқаралық спорт – дене мәдениетінің бір бөлігі, дене тәрбиесі оның ішінде спорт түрлері және ұлттық спорт пен ойындар, жаттығулар арқылы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жұмыстар. Бұқаралық спорттың негізгі мақсаты адамдар денсаулығын нығайту, салауатты өмір сүруге бейімдеу болып табылады. Осы жұмыстар аясында спорт түрлеріне талантты спортшыларды анықтау мақсаты да қойылады.