Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған


«Алал-ай», «бұлал-ай», «солал-ай»



бет30/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

8. «Алал-ай», «бұлал-ай», «солал-ай»
Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Екі жақтан бір-бір ойыншы ортаға шығады да, қолдарын айқастырып көпір жасайды. Тізбекте тұрған бірінші топтың ойыншылары бір-бірлеп: «алал-ай», «бұлал-ай», «солал-ай», – деп әндетіп көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысына көпірден өте бергенде бір-бір тастан ұстатады да, тастың белгіленген атын айтуды өтінеді. Ондағы тастың атауы жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен – «алал-ай», «бұлал-ай», «солал-айдың» біреуі. Егер тастың атын тапса, онда көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, жүргізуші ойыншының көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсыластар тобына жібереді. Осылай бірінші топ көпірдің астынан өтіп болғаннан кейін, қолға түскен тұтқындар топ ортасында өнер көрсетеді.
Ойын қайталанған кезде көпірдің астынан екінші топ өтеді де, тұтқындарды бірінші топ ұстайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет