241. «Ордағы қасқыр» Алаң ортасына ұзындығы 10 метр және ені 1 метр болатын қасқыр "іні" сызылады. Ойынға қатысушылардың үштен бір бөлігі "інге" тығылып қасқырларды бейнелейді. Қалған ойыншылар “қозылар” мен “лақтар” болып алаңның бір жағына жиналады. Жүргізушінің белгісі бойынша “қозылар” мен “лақтар” қасқыр "інінен" секіріп алаңның басқа жағына өтулері қажет. Осы уақытта “қасқырлар”, “қозылар” мен “лақтарды” ұстап алуға тырысады. Ойын шарты бойынша “қасқырларға” іннің сызығынан шығуға болмайды. Ал “қозылар” мен “лақтар” бұл сызықты баспаулары керек. Егер “қозылар” мен “лақтар” сызықты басып кетсе, онда ұсталынған болып саналады. “Қасқырлар” мен “қозылар, лақтар” саны теңелгенде, ойын тоқтатылады. Қасқыр «ініне» ойнаушылардың басқа үштен бір бөлігі тығылады, ойын осылай жалғаса береді.