Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет56/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары

42. Таяқ жүгірту
Ойын қыс кезінде қарлы алаңда ойналады. Ойыншылар санына шек қойылмайды. Әр ойыншы өзіне арналған ұзындығы 1,5-2 метр келетін ұшталған таяқтар даярлап алады. Ойын мақсаты әр ойыншы таяқтарын қардың ішімен немесе үстімен неғұрлым алысқа сырғытып жіберулері қажет. Таяқты қардың үстімен де сырғытып жарысуға болады. Барлық ойыншылар қатарға тұрып, таяқтарының «өкшесінен» бір қолының алақанымен ұстаулары арқылы, арнайы сызылған сызықтан өтпей таяқтарын қардың астымен немесе үстімен бір қолдарының күшімен сырғытып жібереді. Сырғытуды орында тұрып немесе бірнеше адымдап келіп орындайды. Қай ойыншының таяғы алысқа сырғып барады, сол жеңіске жетеді. Ойынды бірнеше рет қайталайды. Осы таяқтарды алысқа найза ретінде әуелетіп те лақтырып жарысуға болады, тек лақтырған таяқ қарға ұшымен шаншылып түсуі қажет. Қарға шаншылмаған таяқтың көрсеткіші есепке алынбайды. Бұл ойын балалардың қар қыртыстарын жақсы білуін, ептілігін, қол күшін дамытуға көмектеседі.
43. Найза таяқ
Ойын қыс уақытында қарлы алаңда жүргізіледі. Қатысушылар саны 5-тен 20-ға дейін. Әрбір қатысушы ағаштан жасалынған, ұзындығы 1-2 м таяқты (найза түрінде) өзіне сайлап алады. Ойнаушылар қардан қалыңдығы 20-40 см, биіктігі 1,5-2 м қабырға жасайды.
Жүргізуші жеребе бойынша ойнаушылардың ретін орнатады. Бірінші ойнаушы өзінің найзасын 3-5 қадам қашықтықтан (келісу бойынша) қарлы қабырғаға бағыттап лақтырады. Ойын мақсаты – найзаны қарлы қабырғаға тигізу және найзаны қабырғадан тесіп өткізу. Ең алысқа қабырғаны тесіп өткен найзаның иесі жеңімпаз атанады.
44. Әуе таяқ
Ойынды далада өткізеді. Қатысушылар саны 2-ден 20-ға дейін. Ойынға ұзындығы 1 метрге дейінгі ағаш таяқтар керек. Ойнаушылар екі жұпқа немесе екі құрамаға бөлінеді. Басқарушы бірінші жұпты немесе құрамалардың бірінші ойнаушыларын шақырады. Шақырған екі ойыншының біреуі белгіленген сызықтан жүгіріп келіп өзінің таяғын жоғары қарай лақтырады. Осы кезде екінші ойнаушы жоғары лақтырылған таяқ жерге түспей тұрған кезде өзінің таяғын жоғары лақтырып, бірінші ойнаушының таяғына тигізуге тырысады. Егер тигізсе, онда қарсыласының таяғын өзіне алады, тигізе алмаса өз таяғын береді. Қай топтың ойыншылары көп таяқ жинаса солар жеңімпаз аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет