Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет236/240
Дата21.02.2022
өлшемі481,78 Kb.
#132651
түріМонография
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   240
Байланысты:
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ойындары
4-doc.Силлабус ОМ2012, ВМП вопросы рус., instrpodotkz, жылжымайтын мүліктің жоқтығы, Шоқан-Уалиханов 2
Дене тәрбиесі құралдары – дене жаттығулары, табиғаттың сауықтыру мүмкіндіктері, гигиеналық талаптар жиынтығы.
Спорт – жарыстық негізге бейімделген ойындар түрлері. Спорт жарыстары арнайы бекітілген ережелерге бағынып өткізіледі, жарыс жеңімпаздары анықталады. Спорттағы түпкі мақсат ең жоғарғы нәтиже көрсету, жеңу блып табылады.
Кәсіпқой спорт – спортшы күн көрісі, табысының басты кірісі спорт болып табылады. Кәсіпқой спортта спортшы еңбегі тауар болып саналып, еңбек ақы келісілген шарт бойынша реттеледі.
Дене күш-қуаты – адам денесі күш-қуатының өсіп жетілуі, олар шартты түрде күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік, ептілік түрлеріне бөлінеді.
Бұқаралық спорт – дене мәдениетінің бір бөлігі, дене тәрбиесі оның ішінде спорт түрлері және ұлттық спорт пен ойындар, жаттығулар арқылы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жұмыстар. Бұқаралық спорттың негізгі мақсаты адамдар денсаулығын нығайту, салауатты өмір сүруге бейімдеу болып табылады. Осы жұмыстар аясында спорт түрлеріне талантты спортшыларды анықтау мақсаты да қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет