Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор



бет139/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   226
Әдістеме ерекшеліктері. Дәстүрлі технология әу бастан әкімшіл-әміршіл педагогика талаптарының шырмауына түсті, оқу-үйретім тәрбиеленушінің көп тарапты сұраныстары мен қажерттерінен сырт айналып, оның ішкі жан дүниесімен байланысын үзді, тұлғаның даралықты шығармашылық қабілеттерінің іс жүзінде көрінуіне жағдайлар жасамады.

Әміршіл-әкімшіл әдістеме сипатының белгілері:



  • іс-әрекет мезгіл, мерзім, көлем, талап шектеуінде болды, оқу амалдарының мәжбүрлі міндеттілігі басым болды;

  • бақылаудың жоғары бір орталықтан болуы;

  • оқу мақсаты, мазмұны және әдістерінің орташа шәкіртке арналуы.

Оқушы (шәкірт емес) беделі - жоқтың қасы, ол оқу-тәрбие ықпалдарының бағыныңқы нысаны, оқушы - «міндетті», оқушы кемеліне жетпеген тіршілік иесі, руханисыз пенде.Тура мағынада «оқытушы»-мәтінді көзбен шолып, дыбыстаушы.

Оқытушы (ұстаз, мұғалім емес) беделі - ол бастық, жалғыз-ақ ынта білдіруге құқылы адам, сот (айтқаны ақ), хат танытып, үйретуші ересек (ата), бағалау, ақпарат тек содан, оған күманданып, қарсылық білдіру - шексіз күнә. Тура мағынада «оқытушы»-мәтінді оқу тапсырмасын беріп өзі қарап тұратын субьект.

Білім игеру әдістерінің негіздері:


  • дайын білімдерді ұсыну;

  • үлгі бойынша оқу, оқыту, яғни мәтін шолу, дыбыстау;

  • индуктив қисынды, тек жалқыдан жалпыға өту;

  • жаттанды ес;

  • сөздік-баянды;

  • қайталап айтып беру.

Дәстүрлі тәлім-тәрбие жүйесіндегі оқу үдерісі шәкірт дербестігінің болмауымен, оку еңбегіне деген ынта - ықыластың кемдігімен сипатталады. Баланың оқу іс-әрекетінің құрамында:

  • өзінше мақсат қою, міндет белгілері болмауы, оқу мақсаттарын бала алдына тартып отыратын – мұғалімнің өзі;

  • іс-әрекетті барлау сырттан, бала оны еріксіз, қаламаса да, орындауға міндетті.

Іс-әрекетінің қорытынды талдауы мен бағалауына баланың өзі қатыспайды, оларды атқаратын мұғалім, бөгде ересек.

Осы «солақай» шарттардың есебінен оқу мақсаттарын іске асыру кезеңі «зорлықты», мәжбүрлі еңбекке айналып, салдары болымсыз сапа-қасиеттердің дамуына жол ашты (баланың окуды, мектепті жатсынуы; еріншектік тәрбиелеу, жалғандыққа, келісімпаздыққа дағдыландыру), яғни мектеп тұлғаны адамгершілік сапа-қасиеттерден жұтатты, айырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет