Аталмыш технологияның негізгі принциптері:
Мазмұндық қорыту негізіндегі дедукция;
мазмұндық талдау;
мазмұндық дерексіздендіру (абстрак-деңгейге келтіру)
теориялық мазмұн қорытуы
дерексіздіктен нақтылыққа көшу;
мазмұн бойынша өзіндік пікрге келу (рефлексия)
Оқу-үйретім барысы:
ұсынылған ғылыми жағдай не міндетпен танысу;
оларға орай бағыт-бағдар таңдастыру;
материалды өзгерте жасау үлгісі;
анықталған қатынастарды заттық не рәміздік ыңғайға түсіру;
анықталған қатынастар қасиеттерін ашу, олар бойынша бастау міндет шешімінің шарттары мен жолдарын белгілеп, нәтижеге жету жолдарының жалпыланған жобаларын өрнектеуі;
анықталған жалпылықты нақты мазмұнмен ауыстыру.
Технология ерекшеліктері:
оқу-үйретім бағдарламаларының шоғырлы (концентрлі) құрылымынан бас тарту;
бастауыш мектептегі нақты көрнекілікті пайдаланудың әмбебаптығын мойындамау;
шығармашыл сипатқа ие үй тапсырмаларының баламалығы және оларды таңдау еркіндігі;
бұл жүйедегі сабақтың ерекшелігі-ұжымдық ойлау іс-әрекеттері, диалог, пікір-талас, балалардың іс-қызметтік ортақтасуы;
білімді мәселе шешу арқылы ғана ұсынуға рұқсат беріледі, осыған байлданысты мұғалім сабаққа дайын білімдермен емес, шәкірттерге тартылатын сұрақтармен енеді;
оқу-үйретімнің алғашқы кезеңінде оқу-үйретім міндеттері әдісі қолданса, екінші кезеңінде-проблемдік үйретім әдісі негізге алынады.
Бұл тұжырымдамаға орай оқу-үйретім міндеттері сабақ материалын проблемдік жолмен игеруге бағытталуы тиіс:
оқу-үйретім міндетін мұғалім жүктейді не шәкіртің өзі белгілейді;
игерілетін нысанның жалпылама қатынас-байланыстарын оңтайластыру мақсатында міндет шарттары өзгертіледі, ауыстырылады;
бөліп алынған қарым қатынастың қасиетін зерттеу мақсатында оны нобайластыру (модельдеу) міндет атқарады;
жалпыланған тәсілдермен шешілетін жекеленген міндеттер жүйесін түзіп алу.
бұрынғы орындалған әрекеттің тиімділігіне бақылау салу;
нақты оқу-үйретім міндетін шешудің нәтижесі ретінде игеру және меңгерудің жалпы тәсіліне баға беру;
жұмыс сапасы мен нәтижесі шәкірттердің жеке қабілеттері мен мүмкіндіктері (субьектив) тұрғысынан бағаланады;
баға шәкірттің даралықты дамуын, оның оқу-үйренім әрекеттерінің жетілу дәрежесін өрнектейді.
Аталған бағыттар бұл жүйедегі оқу-үйретім (үйренім) рөлінің теориялық деңгейін едәуір көтереді, себебі шәкірттер білім және іс-тәжірибелік ептіліктер игеріп шектелместен, ғылыми ұғымдар, көркем кейіп-бейнелер, адамгершілік құндылықтар меңгеріп, меншіктейді. Мұғалім мұраты-әрбір шәкірт тұлғасын даму арнасына түсіру, танымға деген кажетсіну сезімін ояту.
Достарыңызбен бөлісу: |