12.3. Педагогикалық технологияларды ажырата топтастыру Технологияларды ажыратудың бірнеше жолдары бар. Педагогикалық ғылым мен тәжірибеде белгілі болған технологияларды жоғары жалпылыққа келтіріп жүйелестірген Г.К.Слевко. Ол ұсынған жүйедегі педагогикалық технологиялар тобы төмендегідей:
Қолдану деңгейіне орай: жалпы педагогикалық, пән әдістемелік және бөлімдік (модульді) технологиялар ажыралады.
Философиялық негізіне орай: материалистік және идеалистік, диалектикалық және метафизикалық, ғылыми (сценитикалық) және табиғи сәйкестік, антропософтық және теософтық, прагматикалық және экзистенциалдық, еркін тәрбие мен мәжбүрлеу технологиялары және басқалар.