Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор



бет205/226
Дата22.12.2021
өлшемі4,7 Mb.
#585
түріМонография
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   226
Іс-әрекет сеп-түрткісі – қандай да іс-әрекетті орындауға деген адам ұмтылысы негізінде жатқан заттасқан қажеттік, белгілі әрекетке ынталандырушы саналы пайымдалған себеп (мотив деятельности).

Іс-әрекет субъекті - өз қажеттерін қанағаттандыру мақсатында болмысты саналы тану мен қайта жасау белсенділігіне ие тек өкілі немесе топ (субъект деятельности).

Іс-әрекет амалы – нақты жағдайларға байланысты іс-әрекетті жоспарлауға негіз болатын сеп-түрткіні (мотивті) пайдаға асырудың саналы өрнегі (способ деятельности).

Іс-әрекет нәтижесі – іс-әрекет орындау барысында пайда болатын нысандар немесе қалыптар (результт деятельности).

Іс-әрекет дені – тек өкілінің қажеттігін қанағаттандырушы нысан, не қалып, не қарым-қатынас, не толғаныс (предмет деятельности).

Іс-әрекеттің бағдарлық негізі – тек өкілінің игерген нақты іс-әрекетін саналы жоспарланып, табысты іске асырылу мүмкіндігін анықтаушы білімдер жиынтығы (ориентировочная основа деятельности).

Іс-әрекет - субъектінің санылы қажеттігін іске асыруға бағытталған мақсат бағдары белсенділігі, адам белсенділігінің ең жоғары формасы (деятельность).

Іс-әрекет нысаны – іс-әрекет субъектінің белгілі де саналы мұқтажын қанағаттандырушы әрі оның қолданылуы мен өзгерісін заттасқан не саналы өнімін жасауға жеткізетін зат (оқиға, құбылыс, қалып жәнек т.б. (объект деятельности).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет