-жануарды иммунизациялау
-қосылу
-АД клондарын алу
-клондау және реклондау
-гибридомды клеткаларды алу
-құрамында АД-і бар культуралық сұйықтық алу
-АД-і бөліп алу.
МКАД қолданылуы
-Жасушаларды идентификациялау:Т- және В лимфоциттерді,басқа жасушаларды және олардың қасиеттерін анықтау.
-Қазіргі таңдағы антиген және антидене анықтау үшін радиоиммунды,иммуноферментті және иммунолюминесцентті әдістерді орындау.
-Гендік инженерия,биотехнология.
-Организдегі антиген локализациясын анықтау,антиденелермен байланысқан дәрілік заттардың жеткізілуі.
-Антигендерді жою үшін қолданылатын иммуносорбенттерді дайындау үшін.
МКАД-ні диагностика саласында қолдану
МКАД көмегімен басқа әдістермен салыстырғанда 10 есе дәлелді және тез арада адам резус-факторын,қан тобын және ағза трансплантациясы кезінде тіндік сәйкестікті анықтайды.Сонымен қатар ісіктерді диагностикалауда да кеңінен қолданылады.Ісік жасушаларындағы антигендер сипатына байланысты сырқат формасы туралы айтуға болады.
Мысалы,қазіргі таңда лейкоздың 8 түрі анықталған және әрқайсысының емі әртүрлі.Ол үшін науқастың венасынан алынған қанды МКАД-ы бар пробиркада араластырады,яғни қан құрамындағы антигендерге антиденелер қарсы бағытталады.Содан кейін осы қанның ісік жасушаларынан антигенді анықтаймыз да,ісік түрін табамыз.
Қорытынды
Гендік инженерия саласындағы МКАД алу жаңа перспективті гуманизирленген антиденелерді алуға жол ашты және бұл онкологиялық практикада кең қолданыс тауып отыр.Мұндай жетістіктер қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеуде қолданылады және жаңа препараттарды алуға көмектеседі.Мысалы,Герцептин және Мабтер деп аталатын дәрілік препараттар онкология және фармакология саласындағы нағыз таңғаларлық жаңалық болып табылады.Олардың әсері биотерапияға бағытталған.
МКАД –і қолдану арқылы ісік жасушаларын жоюға болады.Қазіргі таңдағы гибридомды технология организмнен тыс түрде де жүргізіледі.Бұл әсіресе адамдардың МКАД алу үшін қажет.
Бұдан да басқа жетістіктерге жету үшін бұл сала бойынша білімді әлі де тереңдете түсу керек.
Қолданылған әдебиеттер.
Шортанбаев Ә.Ә., Қожанова С.В. “ Жалпы иммунология ” Алматы, 2008 ж.
Альберт Сассон «БИО-технология:свершения и надежды» Мир,1987г. 132-148бб.
Вершигора А.Е. “Общая иимунология” Киев, 1990 http://pismoref.ru/4274905656.html http://helpiks.org/4-10640.html Суреттер алынған интернет сайттары: www.popmedik.ru; www.zdorovek.org