Дәріс
Сын есім
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме:
Сын есім. Сын есімнің семантикалық мағынасы, морфологиялық сипаты, синтаксистік қызметі. Сын есімдерді зат есімдерден, үстеулерден ажырату тәсілдері, категориялық белгілер. Сын есімнің семантикасы сапалық және қатыстық болып бөлінуі, олардың тұлғалық және мағыналық ерекшеліктері.
Сын есімнің морфологиялық құрамы, жалаң және күрделі, негізгі және туынды сын есімдер. Сын есімдердің морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік(аналитикалық), морфология-синтаксистік тәсілдермен жасалуы. Есімдерден сын есім тудыратын өнімді(-қы,-лы,-сыз, -мпаз, -қой,-қор,т.б.) жұрнақтар. Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді(-қ,-ыңқы, -ынды, -малы,-қыш, -ымды, -улы, -қақ,-ма, т.б.) және өнімсіз (-ыс, -мыс, -ымтал, -қы, -ыр, -у, -аған,-ын, -қалақ, -алақ, -анақ, -ғылықты, -мсақ, т.б.) жұрнақтар.
Сын есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы, күрделі сын есімдердің негізгі үлгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |