1. Бұрынғы өткен шақ есімше Есімшенің бұл түрі –ған; -ген;-қан; -кен жұрнақтары арқылы беріледі. Бұл жұрнақ арқылы жасалған есімше формалары атрибуттық та, предикаттық қолданыста өте жиі әрі кеңінен қолданылады.
-ған; -ген; -қан; -кен формалары қимыл-әрекеттің бұрын болып өткен шақ есімше деп аталады. Есімшенің бұл түрінің бұрынғы өткен шақ мағынасын тұрақты аңғартуы жіктеліп, предикаттық мағынада қолданылуына байланысты.
Мен барғанмын. Біз барғанбыз.
Сен барғансың. Сендер барғансыңдар.
Сіз барғансыз. Сіздер барғансыздар.
Ол барған. Олар барған.
-ған жұрнақты есімше жіктелгенде 1-жақ жекеше формада барғамын, барғам, көпше түрінде барғамыз болып, 2-жақта барғасың, барғасыңдар түрінде де ықшамдалып айтыла береді.
Өткен шақ есімше жұрнағы отыр, тұр, жүр, жатыр қалып етістіктеріне жалғанғанда да өткен шақ мағынасын береді. Бірақ кейде ол форма жоқ сөзімен тіркесіп, осы шақ мағынасын таңғартатын кезі болады. Мысалы,
Сен кімді күтіп тұрсың?
Мен ешкмді күтіп тұрған жоқпын.
Бұндағы осы шақ мағынасы –ған жұрнағының мағынасымен емес, қалып етістігінің (тұр) осы шақты білдіретін мағынасына байланысты болу керек.
Ескерту: Алаған, жатаған, күзеген сияқты сын есімдер де бір кезде –ған; -ген жұрнағы арқылы жасалған аладыған, жатадыған формаларының ықшамдалуы арқылы пайда болған. Бірақ бұл (формалар) сөздер есімше формасынан біржақты сын есімге ауысқан, сондай-ақ қапқан, туысқан сияқты зат есімдердің де есімше формасының қолданылу барысында конверсияланған түрі деп білу қажет.
2. Дағдылы өткен шақ есімше.
Дағдылы өткен шақ есімше –атын (-етін; -йтін) жұрнағы арқылы жасалады. Есімшенің бұл түрі сөйлемде жіктеліп, бұрын болған әрекеттің бірнеше қайталанып, дағдылы қалыпта орындалып тұрғанын білдіреді. Мысалы, баратынмын, баратынсың, баратынсыз, баратын.
Ал атрибуттың қызметтегі айтатын хабар, қарайтын мәселе дегендегі есімшелер келер шақ мәнінде жұмсалған сияқтанып тұрады. Бірақ атрибуттық қызметтеггі –атын (-етін; -йтін) қосымшалы есімше шақтық мағынадан гөрі анықтауыш қызметін атқарады да, шақтық мағынаны білдіру баяндауыштың үлесіне тиеді. Мысалы: Оқитын кітабым жоғалды. Оқитын кітабым үйде тұр. Оқитын кітабым көбеймекші. Осы үш сөйлем үш шақта айтылып тұр. Бір сөйлемде бір ғана шақтық мағына болатынын ескерсек, үш сөйлемде қайталанып тұрған оқитын есімшелі форманың атрибуттық қызметте тұрып, шақтық мағынаға қатыспағанын көруге болады. Бұл үш сөйлемде шақтық мағына баяндауыш боп тұрған жоғалды, тұр, көбеймекші етістіктері білдіріп тұр.
Кейде –атын (-етін; -йтін) жұрнақты есімше келер шақтық та мағынаны білдіреді.Оны байқау үшін –ар, -ер,-р; есімше жұрнақтарымен синоним ретінде қолданылатынын салыстырсақ та болады. Айталық оқитын кітабым, оқыр кітабым, сөйлейтін сөз, сөйлер сөз. Сондықтан болар, есімшенің бұл түрі ауыспалы өткен шақ деп те аталады. Ал, дағдылы өткен шақ деп аталуы есімшенің бұл түрінің жіктеліп, баяндауыш қызметін атқаруына байланысты.
Мен оқитынмын
Сен оқитынсың
Сіз оқитынсыз
Ол оқитын
/а тұрған/ а тұғын/ атын
Достарыңызбен бөлісу: |