Морфология саласы бойынша тест тапсырмалары


Ей, сен, жаңылмасам, біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі50,5 Kb.
#59926
1   2   3   4
Байланысты:
213 eIY

Ей, сен, жаңылмасам, біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің.
А) Тек қана қыстырма сөз. В) Қаратпа сөз, жалғау.
С) Одағай сөз, қаратпа сөз. Д) Қаратпа, қыстырма. Е) Қаратпа, шылау.
53. Еліктеудің қай түрі, анықта.
Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.
А) Дыбыстық. В) Туынды еліктеуіш. С) Дара бейнелеуіш.
Д) Негізгі еліктеуіш. Е) Күрделі бейнелеуіш.
54. Қай сөз жіктелмейтінін көрсет.
А) Көз. В) Келгем. С) Студент. Д) Жазды. Е) Сезімтал.
55. Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсет.
А) Төзім. В) Үлкен. С) Шашпа. Д) Шолақтау. Е) Денелі.
56. Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аттарын көрсет.
А) Мырзашөл, қосаяқ. В) Атауыз, Алакөл. С) Қаражорға, Есекқырған.
Д) Жетіқарақшы, ұлтабар. Е) Ақбозат, Темірқазық.
57. Мақсат үстеулі тіркесті көрсет.
А) Бірден сөйледі. В) Әдейілеп келді. С) Төмен түсті.
Д) Ертең барады. Е) Босқа әуре болма.
58. Барыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді көрсет.
А) Жаздың. В) Зорға. С) Қолма-қол. Д) Біледі. Е) Әрең.
59. Нақ осы шақтағы етістікті тап.
А) Бізге жиі келіп тұрады.
В) Үнемі сөйлесіп тұрамыз.
С) Кітап оқып отыр.
Д) Біз мұнда жиі келеміз.
Е) Кітап оқып отырады.
60. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін тап.
А) Менің бұлай ашық, мойындап – отырғаныма кейбір бала, қайран.
В) Менің бұлай ашық, мойындап отырғаныма, байқаймын кейбір бала қайран.
С) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма – байқаймын - кейбір бала қайран.
Д) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кейбір бала қайран.
Е) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кейбір бала қайран.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет