Морфология саласы бойынша тест тапсырмалары


Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі50,5 Kb.
#59926
1   2   3   4
Байланысты:
213 eIY

Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.
А) Дара бейнелеуіш. В) Негізгі еліктеуіш. С) Туынды еліктеуіш.
Д) Күрделі бейнелеуіш. Е) Дыбыстық.
20. Мақсат үстеулі тіркесті тап.
А) Босқа әуре болма. В) Әдейілеп келді. С) Бірден сөйледі.
Д) Төмен түсті. Е) Ертең барады.
21. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгіле.
А) Есім. В) Елпілде. С) Қалашыл. Д) Бағала. Е) Тақ.
22. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықта.
А) Лептік. В) Шектік. С) Күшейткіш. Д) Болжалдық. Е) Сұраулық.
23. Зат есімге лайық қатарды көрсет.
А) Етістік. В) Бейтарап сөздер. С) Еліктеу сөздер.
Д) Көмекші сөздер. Е) Есім сөздер.
24. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін тап.
А) Сездің. В) Сезіпті. С) Сезбек. Д) Сезермін. Е) Сезесің.
25. Дара сын есімді тап.
А) Жақсы-жаман. В) Биіктеу. С) Қара күрең. Д) Сары ала. Е) Тұп-тұнық.
26. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді тап.
А) Қыстырма сөз. В) Төлеу сөз. С) Одағай сөз. Д) Қаратпа сөз. Е) Төл сөз.
27. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап.
А) Күн бұлттанып тұр (ма). В) Ғылым таппай мақтан (ба).
С) Әй, сен көп асқақта (ма). Д) Сен одан қорық (па).
Е) Жабырқа (ма), сабыр ет.
28. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды тап.
А) Қатар, бірге, қабат. В) Ма, ме, ба, бе. С) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.
Д) Жайында, жөнінде, үшін, сайын. Е) Дейін, шейін, таман, қарай.
29. Екінші жақтың көпше түрінде тұрған етістікті тап.
А) Жатырмыз. В) Жатырсыңдар. С) Жатырсың.
Д) Жатырсыз. Е) Жатырмын.
30. Көңіл-күй одағайын тап.
А) Арман. В) Айт. С) Моһ-моһ. Д) Сөйтіп. Е) Алақай.
31. Етістің қай түрі сабақтыны салтқа айналдыратынын белгіле.
А) Ырықсыз. В) Ортақ С) Дара, күрделі.
Д) Салт, сабақты Е) Болымды, болымсыз
32. Есімшенің болымсыз түрін көрсет.
А) Тоқы. В) Алған жоқ. С) Барар еді. Д) Келетін-ді. Е) Ойлы.
33. Тәуелдік жалғаудың ІІ жағында жекеше тұрған сөзді тап.
А) Жолдасым. В) Қағазың. С) Көшесі. Д) Мектептеріңіз. Е) Қалада.
34. Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған сын есімдерді көрсет.
А) Ертеңгілік, жөн-жосық. В) Ұзынды-қысқалы, ұрда-жық.. С) Ақмола, некен-саяқ.
Д) Дүниежүзілік, бүкілхалықтық. Е) Жезқазған, Қорамсаұлы.
35. Айқындайтын мүшесі қосалқы атау болатын сөз атауын тап.
А) жалпылауыш сөз В) айқындауыш С) қосарлы айқындауыш
Д) оңашаланған айқындауыш Е) анықтауыш
36. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсет.
А) Тіпті ұзақ емес. В) Соншалық ұзақ. С) Ұзақтан келді.
Д) Әдейі келді. Е) Онша ұзақ емес.
37. Жұрнақты сөзді көрсет.
А) Суында. В) Суға. С) Сумен. Д) Суды. Е) Сусын.
38. Антоним қай сөз табынан жасалған, дұрысын көрсет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет