М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет88/164
Дата05.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#11265
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   164
2.Мақсаты:
3. Сұрақтар: 3.1.Бастапқы жақсыз қалқаншалылар
3.2. Алғашқы жақауыздылар
3.3. Ерте қалыптасқан сүйекті балықтардың екі тобы
4. Мазмұны:
5. өзін-өзі тексеретін сұрақтар
6. Әдебиеттер
2. Дәрістің мақсаты: Омыртқалылардың ең үлкен де, кең таралған Балықтар класс үсті (жақтылар) балықтәрізділер (жақсыздар) жалпы төменгі сатыдағы бассүйектілер филогениясы мен эволюциясы осыдан 490-250 млн. жылдар арасында қалыптаспаған жағдайда осы заманғы омытқалылар тағдыры не болары белгісіз болған болар еді. Сондықтан төменгі сатыдағы бассүйектілер жалпы омыртқалылар әлемінің ертедегі тарихының басын бастап, бүгінгі тағдырлас болып келген жылықандыларды қалыптастырғаны жағынан өте маңызды эволюциялық шешімге келгенін студенттердің білуі-дәріс мақсаты болмақ. Бұл бірінші мақсат сонда, төменгі сатыдағы бассүйектілердің тарихынсыз, осы заманғы жоғарғы сатыдағы бассүйектілердің, омыртқалылардың тарихы бүгінгі таңдағыдай болып қалыптасуы мүмкін болмас еді. Осы мүмкіндікті сатылы түсінер болсақ, адамның тарихының эволюциялық бастамасы осы жалпы омыртқалылардың даму эволюциялық желісінде жатқанына көз жеткізу.
3.1. Бастапқы (алғашқы) жақсыз қалқаншалылардың пайда болуы
Осы заманғы бассүйектілер (омыртқалылар) жануарлар ішінде неғұрлым қарапайымдылары дөңгелекауыздылар екені белгілі. Палеонтологиялық материалдар айтылған пікірге жауап бере алмайды да, жанама жауапты жалпы омыртқалылардың шығу тегінен қарастырамыз.Палеонтолоогиялық жылнама сүйенсек, онда сол ерте заманның су қоймаларыындағы (ордовик, силур, девон мұхитары) организмдердің сүйекті қаңқасы пайда бола бастағаннан соң, олардың қалдықтары жер қабаттарында сақталуына мүмкіндік болғаннан кейін, жинақтала бастаған.
Нағыз ертедегі қарапайым омыртқалыларды біріктіретін класс үсті Жақсыздар, олар Қалқаншалылар айдармен белгілі.
Олардың мықты дамыған сыртқы қаңқасы болды:

  • тұла бойын түгел жапқан, немесе

  • ірі сүйекті платиндерден тұратын, немесе

  • ұсақ сүйекті платиндерден тұратын, немесе

  • осы айтылған жабындылардың бәрі қатысып, қалқаншалы тұлға қалыптасқан. Осындай қалқаншалы балықтірізділер су түбіне мекендеп, ауыртқандай баяу қозғалысқа бейімделген. Бұлардың кейбірі денесінде ұсақ қабыршақтылардың болуынан және ұршықтәріздес пішініне орай тез қозғалатындықтан су қабатында тіршілікке бейімделген.

Сонымен, қалқаншалылар сол кезде жете дамып, көптүрлілікке жеткен: сүйекті қалқанды, әртүрлі қалқанды, қалқансыз және басқалары болып топтасқан. Осы қалқаншалылардың бірінші суреттелмек материалы-ордовик дәуіріне жатады. Бұлардың гүлденуі силур-девон дәуірінде болған. Девонның соңына таман құрып. Жақтылар мен конкуренттік жағдайлардан бірқатары құрып біткен. Десекте, осы заманғы жақсыздар карбон дәуірінде қалыптасы, ата-тегі сол девондағы қалқаншалардан басталған деген болжам бар. Осы заманғы жақсыздардың ертедегі қалқаншалармен кейбір мүшелерінің ұқсастықтары: жақтары жоқ, жұп қанаттары жоқ, ауызы сорғыш, екі жарты сақина құлақ капсулында ішкі қаңқасы шеміршекті (хорда), эндодермальді желбезегі, дара тануы.
Жақсыздар жалпы жануарлар эволюция линиясында барынша мамандалған омыртқалылардың қарапайым тобы болып қала берген.
3.2. Силурдың аяғына таман түрлі қалқаншалылардан Жақтылар қалыптасты деген пікір бар. Бұл Жақауыздылар осы заманғы жоғарғы ұйымдасқан омыртқалылардың ата тегін берген. Осы заманғы сүйекті балықтардың тікелей ата-тегі әлі табыла қойған жоқ. Бірақта жоғарғы силурдан табылған қазба қабыршақ қалдықтарын айтуға болады.
Девонның соңына таман алғашқы акула деп аталатын акула қалдығы табылған. Осы заман акуласы қалдығы силурдың соңына, девонның бастапқы деңгейінен белгілі.
Бүтінбастылар карбонның басынан белгілі болған.
3.3. Сүйекті балықтардың ертеректе екі тобы қалыптасқан: Сәулеқанаттылар класс тармағы және қалақшақанаттылар.
Ертедегі сәулеқанаттыларға Палеонисцидтер жатады. Оның ұқсастығы сыртқы сүйекті жабындысы, гетероцеркальды құйрығы, ростумы гонойдты қабыршағы т.б. бар. Осы белгілерінен палеонистидтерді осы заманғы бекіретектес балықтардың ататегі болуы мүмкін дей аламыз.
Осы заманғы қыстанақты балықтар ата тегі мезозой заманынан белгілі. Олардың эволюциясы тез және көптүрлі болып жүрген (өткен). Қазіргі кезде нағыз гүлденген балықтар тобы (сурет 65-66)
Қалақшақанаттылар (Sarcopterygii) екі отрядүсті: Саусаққанатты (Crossopterygii) және Қосқанаттылар (Dipnoi) Бұлардың ата тектері сөзсіз бір-біріне жақын тұрған балықтар. Екеуіде төменгі девонда қалыптасып, жоғарғы девонда, таскөмір кезеңдерінде гүлденген деңгейге жеткен. Қосқанаттылар қоректенуінің түрі мен пассивті сипатына, сутүбі омыртқасыздарға қарайлап активті жүзбегендіктен қанаттарының дамуы әлсіреген де, баяу және аз қозғалу ырғағына түскен. Осы қасиеттерін осы заманғы кейбір топтарынан жақсы байқаймыз.
Саусаққанаттылар ертеден жыртқыштық қасиеті басым болатын. Осы заманда сол тез қаблеттілігін, жыртқыштығын шыңдай түскен.Саусаққанаттылардың өте маңызы жағы-жер беті омыртқалы жануарларына пансырлы амфибиге (Stegocephalia) жақын балықтар әлемінің өкілі ретінде қымбат.
Сүйекті балықтар тұщы су қоймаларына пайда болып, соңынан әлемдік мұхиттарға тез тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет