М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет92/164
Дата05.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#11265
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   164
3.Мазмұны: Қаралатын сұрақтар бойынша сатылы дәлелдеу. Су ортасы жер планетасының көпшілігін алып жатқанмен құрлық кеңістігін, ауа ортасын игеруге, оған бейімделіп таралуға ұмтылған прогрессивтік өзгерістер нәтижесінде омыртқалылардың бүгінгі келбеті өмірге келді. Бұған қосмекенділердің қазіргі кездегі систематикалық жүйесіндегі түрлер саны-куә. Осы кездегі ғылымға белгілі 4500 тарта түрлері 350 млн. жылдар бұрын яғни карбон кезеңінде палеозой эрасында бірден пайда болмағаны рас. Сондықтан, осы ұзақ уақыт ішіндегі гүлденуі биологиялық заңдылығы болатытын студенттерге үлкен нанымдылық сезім мен баяндап беру. Әсіресе, соңғысына студенттердің көзін жеткізу. Осы кездегі адамзат қоғамындағы өзгерістердің негізі сапалы тіршілікке жетудің айқын белгісі дей отырып, адамзаттың сәулетті болашағына жету үшін табиғат пен қоғамның, тіршілік арқауы омыртқалы жануарлар мен адамның тағдыры бір тұтас деп біліп, әлемдік биосфераны өзіміз үшін аялап, қорғау ұрпақтарымызға, сақтау әрбір Homosapinis-тің қасиетті міндеті болмақ. Осы мазмұнда қарастырылатын сұрақтарды студенттер санасына жеткізуге тырыстым
3.1.Жануарлардың су ортасынан құрлыққа шығуы, төртаяқтылардың пайда болуы.
Осы сұрақты ықшамды дәлелдеуге «Происхождение наземных позвоночных» И.Н.Шмальгаузен (1964) теориялық еңбегіне сүйене отырып, оның 81 және 83 суреттеріне (Константинов 2004) көңіл бөлдік. Бұл девон кезеңінің соңына таман (шамамен 410 млн жылдар бұрын) тұщы су жағалауында пайда болған. Оларды ихтиостига деп аталатын. Жануарлар пайда болған.
Бұлар академик И.И.Шмальгаузеннің ұзақ жылғы зерттеуі бойынша ертедегі Саусақ қанатты балық (целиканттар) мен алғашқы төртаяқты қосмекенділер арасынан пайда болған аралық форма болатын ихтиостегидтер пайда болды. Ихтиостегидтерде балыққа және қосмекендік ұқсас белгілер болған. Оларда балыққа ұқсас желбезек қақпаша рудиментті, нағыз балықтың құйрығы, кеуде белдеуінде клейтрум сүйегі, терісінде ұқсас, балық қабыршағы болған. Төртаяқты болып, жербеті жануарларына, олардың бессаусақты аяқтары, белдеулері қалыптасқаны – су және құрлық жануарларына ұқсастық жағын көрсеткен. (Сурет - 81). Кейбір таскөмір кезеңіндегі пайда болған лабиринттордан осы заманның құйрықсыз қосмекенділері пайда болған пікірі бар.
Палеозойдың таскөмір кезеңінде Ихтиостегидтерден бірқатар прогрессивті өзгерістерге жеткен лепоспондилер деп аталатын алғашқы қосмекенділердің екінші жаңа бұтағы пайда болған. Олардың көлемі ұсақтау, бірақта су ортасында жақсы бейімделген. Олардың кейбірінде аяқтары редукцияға түскен.Осы лепоспондилерден қазіргі заманның құйрықты ( ) және аяқсыз қосмекенділері пайда болған деген пікір көпшілікке айналып келеді.
Осы топтағы лепоспондияларға кейде Стегоцефал (қалқанша бас) деп атайды, ал бұлардың ата тегі саусаққанатты балықтар болған. Бұлар өкпемен тыныс алатын болған, аяқтарында қаңқалары таза сүйектеніп жетіскен. Бұны сурет -83 тен байқаймыз. Девон кезеңінің саусақ-қанатты балықтың кеуде (алдыңғы аяғы) қанат қаңқасы мен және пермдік стегостефаланың алдыңғы аяғының қаңқасын салыстыра отырып көз жеткіземіз.
3.2.Класс -3.Жер беті, немесе төртаяқты омыртқалылар. Қосмекенділер класына жалпы сипаттама.
Бұл класс үстіне белгілі дәрежеде жербетіне тіршілікке бейімделген: қосмекенділер, б/жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер жатады. Бұларға ортақ қасиет: өкпемен тыныс алуы, хоанасы аузына міндетті түрде ашылған, хоанасы болмағандарда - өкпесіз саламандрлар екінші мәрте суға қайтып оралғандық қасиет байқалады. Жұп аяқтары бессаусақты болып келеді, ал аяқтарынан айырылғандар – екінші мәрте оралғандар (кейбір кесіртке, жылан) Тетропойдтар қан жүйесінде қанайналу шеңбері қалыптасқан.
Қосмекенділер көпшілік емес егер басқа омыртқалылар жалпы түрлерімен салыстырсақ..Бұлардың аталуынан байқауымызға болады-тіршілік ырғағында екі мекендіге яғни суға және құрлыққа тәуелділік көрсетуде. Бұлар жылдық ырғағында міндетті түрде метоморфозға түсушілер: осы кезде: 1.желбезектіктен-өкпелік жүрекке,тыныс алуға 2.екі камералық жүректен-3камералық жүреккеқос қан айналым шеңберіне айналуы, 3.тірек қимылы төртаяқты сүйекті құрылымына түсіп, 4.сезім мүшелері жаңа сезім деңгейіне келетін болады. Жалпы жер бетіне емес бейімделу дәрежесі ересек қосмекенділерде онша мықты емес.
3.3. Сондықтан болса керек осы заманғы қосмекенділер түрлері 4500 аспайды. Оларды екі класс тармағына топтастырған: 1.жұқа омыртқалылар: 1.отряд құйрықтылар 2.отряд аяқсыздар 2.класс тармағы доға омыртқалылар. Бұлар әлемдегі омыртқалылар кластары ішіндегі аздары және бейімділіктерінің әлсіздіктерінен таралу аймаұтарына (тұщя су маңы мен ылғалды аймақта ғана таралған).
3.4.Биологиясына қысқаша шолу. Неотения.
1.Тері жабындысы бәріндеде жалаңаш, қабыршақты, сілекейлі
2.Қаңқасы әлсіздеу сүйектенген, омыртқа жотасы төрт бөлікті.
3.Иық жамбас белдеулерінде буындары шеміршекті байланыс
4.Ет жүйесі күрделенген тек қозғалыс мүшесінде
5.Ас қорытуы тірі ағзаға бейімделген. Тілі топсалы,сілекейлі
6.Тыныс алуы 50:50 терілі-өкпелі өкпесі: 2:3, сүтқоректілерде 50-100
7.Қан айналу жүйесі: 3 камера жүрек 3 жұп артерия доғасы бар.
8.Жүйке жүйесі 5 бөлігі күрделі. Ми, бүйір қарыншалары жетілген.
9.Сезім мүшелері балықтарға қарағанда жетілген.
10.Зәр шығару мүшесі шеміршекті балыққа ұқсас.Мезонефрос
11.Көбею мүшесі ♂-вольфов каналы, –мюллеров каналы мен байланыста


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет