М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет64/164
Дата05.02.2022
өлшемі2,01 Mb.
#11265
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   164
1.Тақырыбы: Типтармағы -3. Омыртқалылар (Vertebrata),немесе Бассүйектілер (Craniata)
2.Қарастырылатын сұрақтар:
2.1 Жалпы бассүйектілер немесе омыртқалыларды сипаттау
2.2 Жалпы құрылысын сурет-1,6-7,8 (Константинов бойынша 2000) қысқа салыстырмалы сипаттау.
2.3 Анамния. Амниота топтарының жіктелуіне тоқталу
3.Дәріс мақсаты
4.Дәріс мазмұны
5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
6.Пайдаланылатын әдебиеттер.
2.1.2.4 Жалпы омыртқалылар немесе бассүйектілерді сипаттау (Дәріс мазмұны орнына)
Бассүйексіздер (1 – типтармағы) және қабықтылар (2 – ші тип тармағымен салыстырғанда Омыртқалылар (3-ші типтармағы) – Неғұрлым жоғары деңгейдегі хордалылар болып саналады: Оның себептері:
1-ден Осы омыртқалыларға жататын осы заманғы - 6 класс: дөңгелекауыздылар,балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер ішінде отырып қозғалыссыз тіршілік ететіндері жоқ.
2-ден Омыртқалы жануарлар табиғи тіршілік ортасында, кеңістігінде ынталы қозғалысқа қабілетті
3-ден Қоректі заттарын активті іздестіріп, оларды ұстау тәсілдеріне жетіліп алғандар.
4-ден Ұрпақ қалдыратын ыңғайлы аймақшаларды, қолайлы жерлерді (уылдырық шашатын аймақша, ұя салатын,ін қазып көбйетін, үйшік т.б.) тауып алуға қаблеттілігі мол.
5-ден Қауіпті жағдайда жауларынан құтылып кетуге бейімділіктері дамығандар.
Осы көрсетілген жалпы биологиялық бес қасиеттер омыртқалы жануарлардың бәріне тән қасиеттер екенін ұмытпауымыз керек. Бұл қасиеттер әрбір түрдің ұрықтанған жұмыртқасынан (эмбрион) бастап дернәсіл,шабақ, бір жаздық, екіжаздық, жыныс заты пісіп жетілген кезі, жылдық ырғағындағы миграциясы, қыстауы кезеңдердің бәріне осы қасиеттердің морфофизиологиялық ерекшеліктеріне тікелей үнемі байланысты болып отырады.
Морфофизиологиялық ерекшелігі күшті жетілгендер-жоғарғы сатыдағы хордалыларда – жүйке жүйесі күрделене түскендер, яғни басмиы дамығандар. (3-ші тип тармағындағылар), басмиы дамымай тек жұлынмен тіршілік ететіндер. 1- 2 тип тармағы: Бассүйексіздер; Қабықтылар – төменгі сатыдағы хордалылар.
Жануарлардың жоғарғы жүйке жүйесіне жетуі – олардың табиғат ортасындағы мінез-құлықтарының жаңа бейімділіктерге жетуге мүмкіндіктер берді. Осының салдарынан омыртқалы жануарлар күрделі құрылыстағы сезім мүшелеріне жеткен. Осы сезімдердің нәтижесінде жануарлар өздерін табиғат ортасында өздері қалаған кеңістікте жақсы бейімделуіне жеткен, табиғатта биологиялық түрлердің дамуына, кең таралуына жеткен.
Басмиының дамуы, онда сезім мүшелерінің күрделеніп жетілуі (12 басмиы Ж.Ж.,иіс сезу, көру, есту,дәм сезу) мисауытының қалыптасуына әкелген.
Бассүйек үлкейді, кеңейді, ауырлады, нәтижесінде омыртқа жотасы күрделеніп, өстік қаңқаның қалыптасуына әкелген, оның ішкі қуысы жұлынның орналасатын қорабына айналған.
Шек түтігінің алдыңғы бөлігінде қозғалмалы ауыз қуысы қалыптасып,ал көптеген омыртқалыларда – қозғалмалы жақ аппарат қаңқасы пайда болған. Бұл аппарат қоректік заттарын ұстауға, жұтуға көмектесетін болған. Ал жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға ұстаған қоректік заттарын ұсақтауға дейін дамыған. Қоректік заттарының ұсақталынуынан ағзада заттармен энергия алмасуына үдемелі жағдай жасалды. Нәтижесінде жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда жалпы заттармен энергия алмасуы төменгі сатыдағы хордалыларға қарағанда өте жоғары дамыған. Бұны жұрек құрылысымен қан айналымды қалыптастыруынан байқауға болады. Жүрек құрылысымен қызметі күрделенген сайын (2,3,4) денеден қанның айналымымен жылдамдығы арта түседі де, зат алмасудағы басты мүше – бүйрек қызметі жетіле түскен. Осы мүшелердің орналасуымен күрделенуін 8-суреттегі Омыртқалы жануарлардың ұзыннан қимасы (1), көлденең бас бөлімінің қимасы (2), тұлға бөлімі (3), құйрық бөлімінің көлденең қимасы кесіндісінен (4) (Константинов,2000) байқауға болады.
Сонымен хордалылар әлемі Ордавик Силур дәуірінен бастап белгілі болса, 5000млн. ал осы заманғы белгілі омыртқалы жануарлары Юра дәуірінен (200 млн.ж.) бастап пайда болған. Омыртқалы жануарлар қазіргі кезде ғылымға белгілі- 40000 тарта түрлері анықталған.
2.2. Жалпы құрылысын сурет – 1, сурет -6,7,8, пайдалана отырып салыстырмалы суреттеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет