Дәріс Омыртқалылар тип тармағының сипаттамасы. Дөңгелекауыздылар класы, құрылысы, қызметі



бет1/6
Дата10.02.2023
өлшемі59,37 Kb.
#168212
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 2. Зоология


Дәріс 2. Омыртқалылар тип тармағының сипаттамасы. Дөңгелекауыздылар класы, құрылысы, қызметі
Бұл тип тармағының өкілдеріне тез қозғалып, қорегін белсенді түрде іздеп тауып, жауынан қорғана алатын жануарлар тобы жатады. Көру, есту, сезім және иіс сезу органдары жақсы дамыған. 
Жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі жақсы жетілген, жүйке жүйесі ми, жұлын және шеткі жүйке түйіндерінен (ганглиялардан) тұрады. Омыртқа денелерінен шыққан жоғары доғалардан жұлын каналы түзіледі, оның ішінде жұлын жатады.
Омыртқа жотасы дененің ішкі қаңқа қызметін атқарады. Бұл тип тармағына жататын өкілдердің барлығында жүрек бар, зат алмасу процесі қарқынды түрде жүреді.
Зәр шығару мүшесінің қызметін - жұп бүйрек атқарады.
Жыныс жүйесі. Омыртқалылар негізінен даражыныстылар, кейбір түрлерінде қосжынысты (гермафродит) түрлері де кездеседі. Жыныс безі екеу. Кейбіреулері жұмыртқа салып, екіншілері ұрпақтарын тірідей туу арқылы көбейеді.
Омыртқалы жануарларды екі топқа бөлеміз:

  1. Ұрық қабы жоқ омыртқалылар немесе анамниялар деп аталады. Ұрық

немесе эмбрион дамығанда қосымша ұрықтық қабықшалар дамымайды.Ұрықтануы сырттай жүреді. Анамнияларға: Дөңгелекауыздылар класы, Балықтар класс тобы, Қосмекенділер класы жатады.

  1. Ұрық қабы бар омыртқалылар немесе амниоттар деп аталады. Дамып

келе жатқан ұрықтың айналасында үш ұрықтық қабықшалар – амнион, аллантоис, серозды қабықшалар дамиды. Олар ұрықтың сусыз ортада, яғни жер бетінде дамуына мүмкіндік береді. Ұрықтануы іштей жүреді. Амниоттарға: Бауырымен жорғалаушылар, Құстар, Сүтқоректілер класы жатады.

Жақсыздар (AGNATHA) бөлімі


Дөңгелекауыздылар (CYCLOSTOMATA) класы
Миногатәрізділер (PETROMYZONIFORMES) отряды
Миксинтәрізділер (MYXINIFORMES) отряды
Жалпы сипаттама. Дөңгелекауыздылар осы кезде тіршілік ететін омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар болып табылады. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет