Дәріс Омыртқалылар тип тармағының сипаттамасы. Дөңгелекауыздылар класы, құрылысы, қызметі



бет6/6
Дата10.02.2023
өлшемі59,37 Kb.
#168212
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 2. Зоология

Миксиндер - балықтардың уақытша паразиті болып келеді. Бұлардың паразиттік тіршілігіне байланысты кейбір мүшелері нашар дамыған, ал кейбір мүшелері паразиттік тіршілікке икемделіп маманданған.
Миксиндердің арқа қанаттары болмайды, нашар дамыған көздері тері астында жатады, көз хрусталигі болмайды. Құлағының жартылай шеңбер қуысы біреу-ақ. Миы, оның алдыңғы миы мен мишық бөлімдері жақсы жіктелмеген. Омыртқа жотасының құйрық бөлімінде ғана омыртқаның жоғарғы доғасының нұсқасы бар. Ауыз воронкасының жиегінде 4 жұп қармалағыштары, тілінің үстіңгі жағында мүйізді тістері болады. Көпшілігінде желбезектерінің сыртқы тесіктері бірден сыртқа ашылмай желбезек қапшықшаларының арт жағынан қашығыраққа ашылатын әрбір бүйірінде болатын каналға ашылады. Олардың мұндай ерекше құрылыста болуы балықтың денесіне тереңірек еніп кеткеннің өзінде де тыныс алуына мүмкіндік береді, өйткені иіс сезу капсуласы ерекше қуыс арқылы жүтқыншақпен байланысады. Желбезек тесіктерінің саны 5 - 45-ке жетеді.
Миксиндер қос жынысты организмдер. Жүмыртқалары үлкен, 20 мм жетеді. Миксиндер 20—30 жұмыртқа, ал миногалар 20— 30 мыңға дейін жұмыртқа салады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет