Дәріс Омыртқалылар тип тармағының сипаттамасы. Дөңгелекауыздылар класы, құрылысы, қызметі



бет3/6
Дата10.02.2023
өлшемі59,37 Kb.
#168212
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 2. Зоология

Ас қорыту жүйесі - воронкадан, тілден, жұтқыншақтан, өңештен және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақ екі тарамға бөлінеді: жоғарғы тарамымен қоректік заттар ішке қарай кетеді де, ал төменгі тарамы тұйықталып желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіп жалғасады, олардың түйіскен жерінде қақпашалар болады, ішектер бөлімдерге бөлінбегендіктен құрышталмайды. Ішектердің ішінде винттәрізді, спиральтәрізді қатпарларының болуы ішектің сіңіру бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысынан өтуін баяулатып, оның толық корытылуына мүмкіндік береді. Ішектің алдыңғы бөлімінен бауыр дамиды, ал ұйқы безі жеетілмеген.
Тыныс алу жүйесі. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан 7 жұп желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда көптеген желбезек пластинкаларынын. болатынын көруге болады. Осы пластинкаларда қан тамырының торы құралады. Желбезек қапшығының екінші жағындағы ішкі желбезек жолдары жұтқыншаққа барып жалғасады. Дөңгелекауыздыларда ғана желбезек аппараты энтодермальдық қабаттан пайда болады, ал басқа желбезекпен тыныс алатын омыртқалылардың желбезек аппараты эктодермадан дамиды.
Тыныс алғанда су желбезек тесіктерінен желбезек қапшықтарына еніп, ал тыныс шығарганда осы жолмен қайта шығарылады. Желбезек қапшықтары 5-тен 15-ке дейін болады.
Қан айналу жүйесі. Дөңгелекауыздылардың қан айналу жүйесі құрылысы ланцетниктіерге ұқсас, бірақ олардың екі камерадан (жүрекшеге, қарынша) тұратын жүрегі болады. Жүрекшеге жұқа қабырғалы веноздық синус (вена қолтығы) жалғасады, оған барлық вена тамырлары қосылады. Құрсақ қолқасынан 8 жұп қан алыпкелгіш желбезек артериясы кетеді. Олар желбезек аралықтарына барады. Әрбір артерия бүтін желбезек қапшығын қанмен қамтамасыз етпейді, ол екі желбезек аралық қатпарға қан алып келеді, анығырақ айтканда, алдыңғы желбезек қапшығының артқы жартысына және одан кейінгі желбезектің алдықғы жартысына қан жеткізеді. Қанды алып кететін желбезек артериялары қолқаның дара түбіріне келіп құйылады, одан алға карай ұйқы артериялары кетеді де ал қолқа түбірі артқа созылып, негізгі арқа қолқасы болып есептеледі. Арқа қолқасы хорданың астымен қуалай отырып, дененің артқы бөлімдеріне артерия қанын таратады. Вена қаны бастан шықшыттың қос веналарымен келіп вена қуысына құйылады. Дененің артқы бөліміндегі вена қаны артқы қос кардиналдық веналарымен келіп, осы вена қуысына құйылады. Ішектерден жиналған вена қаны ішек асты вена мен бауырға келіп, мұнда қан айналуының қақпалық системасы пайда болады. Бауырдағы қанбауыр венасымен келіп вена қуысына құйылады. Бүйректе қан тамырларының қақпалық системасы болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет