Дәріс Омыртқалылар тип тармағының сипаттамасы. Дөңгелекауыздылар класы, құрылысы, қызметі



бет4/6
Дата10.02.2023
өлшемі59,37 Kb.
#168212
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 2. Зоология
3.5. Талдағыштар. Соматосенсорлық, 3.5. Талдағыштар. Соматосенсорлық, письмо, письмо, письмо, Лекция 2. Зоология, Лекция 2. Зоология, Лекция 2. Зоология
Жүйке жүйесі. Ми сауытының құрылысы қарапайым, ол мидың астыңғы жағында төселіп жататын шеміршек пластинкасынан ғана тұрады. Осы пластинканың ортасындағы тесігінен гипофиздік өсінді өтеді. Бұл пластинканың бүйіріне шеміршекті есту капсуласы жалғасады, ал алдыңғы жағында шеміршекті иіс капсуласы жатады. Демек, дөңгелекауыздыларда ми сауыты әлі жоқ, мидың үстіңгі беті жарғақпен ғана қапталып тұрады. Миы бес бөлімнен: алдыңғы (tеlепсерһаlоп), аралық (dіепсерһаlоп), ортаңғы (mеsепсерһаlоп), мишық (mеtепсерһаlоп), сопақша мидан (mуеlепсерһаlоп) тұрады. Алдыңғы ми және мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек болып келеді. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді олардың иірімдері болмайды. Ми қақпағында жүйкелік заттар болмайды, ол дерлік эпителиядан тұрады. Аралық мидың үстіңгі жағында көру төбешіктері мен эпифиз, ал оның төменгі жағында ми воронкасымен гипофиз орналасқан. Мидан 10 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері екі түбірлі болып (арқа және құрсақ) кеткенімен, бұлар басқа омыртқалылардың жүйкелері сияқты бір-бірімен косылмайды.
Сезім мүшелері өте қарапайым. Есту мүшесі ішкі құлақтан ғана тұрады, Көздері нашар жетілген. Миногаларының қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілігіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Иіс капсуласы дара болғанымен иіс жүйкелері жұп болып келеді.
Зәр шығару мүшесі - мезонефросты (теsоперһгоs) бүйректерден тұрады. Бұлардың алдыңғы бөліміне пронефростың (ргоперһгоs) қалдықтары жалғасады. Зәр заттарын шығару түтігінің қызметін вольф каналдары атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ашылады.
Жыныс жүйесі: жыныс бездері дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды. Жыныстық клеткалар — гонаданың қабырғасын жарып, денесінің ішіне құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр-жыныс қуысына құйылып, зәр-түтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер қосжынысты болады (гермафродит). Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген, ұрықтанған жұмыртқалардан ересек миногаларға ұқсамайтын құмқазғыш деп аталатын дернәсіл шығады. Дернәсілдердің тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Олардың арқасынан құрсақ бөліміне қарай қанаты бар екендігі байқалады. Құмқазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып, сонын, ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2—5 жылдың ішінде айналады. Бұл отряд бір тұқымдастан (реіготуzопісіае) және жеті туыстан құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет