Зат және энергия алмасуының негіздері. Катаболизм. Анаболизм. Жоғарыэнергетикалық қосылыстар. Митохондриялардың құрылысы. Биологиялық тотығу. Тотыға фосфорлану. Катаболизмнің жалпы жолы. Кребс Циклі
Зат және энергия алмасуының негіздері. Катаболизм. Анаболизм. Жоғарыэнергетикалық қосылыстар. Митохондриялардың құрылысы. Биологиялық тотығу. Тотыға фосфорлану. Катаболизмнің жалпы жолы. Кребс Циклі
Метаболизм - көптеген мультиферменттік жүйелердің өзара тығыз байланысының арқасында іске асатын клетканың белгілі бір жаққа бағытталған, аса мұқият ұйымдасқан активтілігі.
Аралық метаболизм екі қарама-қарсы процестен тұрады: катаболизм және анаболизм.
Катаболизм – күрделі органикалық молекулалардың қарапайым, кіші молекулалы заттарға дейін ыдырауы. Катаболиттік реакциялар үлкен органикалық молекулаларда сақталған энергияның босауы арқылы жүреді. Биохимиялық реакциялардың кейбір кезеңдерінде қатарласып жүретін реакциялардың арқасында, үлкен органикалық молекулалардың ыдырау кезінде түзілген жоғары энергиялы зат энергия қорына айналады. Мұндай жоғары энергиялы қосылыстың қатарына аденозинтрифосфат /АТФ/ жатады.
Анаболизм – биосинтез, яғни анаболизм кезінде кіші молекулалы заттардан, «құрылыстық блоктардан» үлкен молекулалы заттар /аққуыздар, полисахаридтер, майлар т.б./ түзіледі. Биосинтез үшін энергия қажет.
Тірі организмдердегі химиялық энергияның жиналу және жұмсалуын биоэнергетика бөлімі зерттейді.
Клетка ішінде катаболиттік және анаболиттік реакциялар бір уақытта жүреді, бірақ олардың жүру жылдамдықтарының реттелуі біріне-бірі тәуелсіз болады.
Аэробты катаболизмді /оттегінің қатысуымен жүретін/ үш негізгі сатыға бөлуге болады:
Клетка макромолекулалары өздерінің негізгі құраушы бөлімдеріне ыдырайды: полисахаридтер – гексозаларға, майлар – май қышқылдарына және глицеринге, аққуыздар – аминқышқылдарға т.б.
Катаболизмнің бірінші сатысында түзілген заттар онан әрі қарай ыдырайды, бұл ыдырау кезінде түзілген заттардың саны айтарлықтай көп емес: пирожүзім қышқылы /ПЖҚ/ және ацетил-КоА. ПЖҚ әрі қарай ацетил-КоА-ға дейін ыдырайды.
Үшінші кезенде ацетил-КоА-ның ацетил тобы лимон қышқылдарының цикліне қатысады. Лимон қышқылдарының циклі – метаболизмнің сонғы ортақ жолы, яғни клеткалық «отынның» барлығы тотығып – көмір қышқыл газына дейін айналатын жол. Метаболизмнің сонғы заттарына көмір қышқыл газы, су, несеп нәрі т.б. көмір қышқыл газыжатады.