М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Көмірсулардың жіктелуі. Қасиеттері. Қызметтері



бет31/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#91913
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   75
Байланысты:
М. темісов атында ы Батыс аза стан

Көмірсулардың жіктелуі. Қасиеттері. Қызметтері


Көмірсулар тірі организмдердің негізгі энергетикалық заттар болып келеді. Көмірсулардың үш классы бар: моносахаридтер, олигосахаридтер және полисахаридтер.
Көмірсулар класстарының негізгі өкілдерінің құрамы, құрылысы, стереоизомериясы, қасиеттері қарастырылады.
Көмірсулардың тірі организмдердегі атқаратын қызметі жағынан және зат алмасуда алатын орны өте үлкен.
Көмірсулар организмдегі көптеген органикалық заттарды синтездеуге қатысады (н.қ., орг.қыш-дар, а.қ.). Скелеттік, рецепторлық, энергетикалық қызмет атқарады.
Көмірсуларды үш топқа бөледі:
1/ Моносахаридтер. Суда жақсы ериді, гидролизденбейді (глюкоза, фруктоза, манноза, галактоза, рибоза, т.б.)
2/ Олигосахаридтер.Гидролизденіп моносахаридтер түзеді. Маңызды дисахаридтер – сахароза, лактоза, мальтоза, целлобиоза. Трисахарид – рафиноза /глюкоза, галактоза, фруктоза/
3/ Полисахаридтер. Молекулалық салмақтары жоғары күрделі заттар; құрамында бірнеше ондаған, мындаған моносахаридтер қалдықтары бар.
Моносахаридтер
Құрамындағы көміртегі атомының санына қарай топтастырады (триоза, тетроза, пентоза т.б.) немесе альдегид не кетон топтарына байланысты альдозалар мен кетозалар деп ажыратады.
Химиялық табиғатына қарай барлық моносахаридтерді нейтральды /құрамында карбонил тобы мен спирттік топ бар/, қышқылды /карбоксил тобы бар/ және аминқанттар /амин тобы бар/ деп бөлінеді.
Моносахаридтер құрамында ассиметриялы атомы бар, сондықтанда олардың стереоизомерлері болады. Олар бір-бірінен физикалық және химиялық қасиеттері жағынан ажырайды.
Мысалы, триоза глицерин альдегидінде бір ғана ассиметриялық көміртегі бар. Бұл заттың үш түрі бар: полярланған сәулені онға бұрады, екіншісі – солға бұрады, ал үшіншісі – оптикалық активсіз. Оларды рацемат деп атайды.
Басқа да заттардың стереоизомерлерінің кеңістіктегі пішінін анықтау үшін салыстырмалы түрде глицерин альдегидіндегі атом топтарының кеңістікте ораналсуы негізге алынған.
Айталық, Д-глицерин альдегидінде ОН-тобы ассиметриялық С атомының оң жағына орналасқан, L-гл. альдегидінде – сол жағына орналасқан.
Қорыта айтқанда, спирттік /СН2ОН/ топқа жанаса жатқан ОН – тобының кеңістікте орналасуы глицерин альдегидіне ұқсас болса, олардың Д- немесе L- қатарына жатуы соған сәйкес анықталады.
Сілтілік ерітіндіде моносахаридтер өзара бір-біріне айнала алады.
Организмде мұндай өзгерістер ферменттердің қатысуымен жүреді. Изомерлердің саны: N=2n /n – ассиметриялық С атомдарының саны/.
Судағы ерітіндісінде моносахаридтердің өзіндік айналу бұрышы өзгереді. Бұл құбылысты мутаротация деп атайды және ол моносахаридтердің әртүрлі түрінің болуымен түсіндіріледі, яғни ациклді және циклді түрлері.
Фруктоза /кетоза/ фуранозалық түрінде ғана кездеседі.
Моносахаридтер сақиналы түріне көшкенде ассиметриялы көміртегі атомының саны біреуге өседі, глюкозада бірінші атомы, ал фруктозада екінші С атомы ассиметрияланады. Сол С атомымен байланысқан ОН-тобы гликозидтік н/е жартылай ацетальдық топ деп аталады. Бұл топ – химиялық активті. Осы топ арқала моносахаридтер бір-бірімен байланысады н/е басқа қосылыстармен реакцияға түседі.
Гликозидтік гидроксилдің орналасуына қарай сақиналы моносахаридтердің α- және β- түрлері ажыратылады.
Барлық моносахаридтер тотығу-тотықсыздану реакцияларына түседі.
Тотықсызданғанда - өздеріне сәйкес спирттерге айналады. Тотығып - әртүрлі қышқылдар түзеді. Глюкозадан тотығу жағдайына байланысты глюкон қ-лы /альдегид топ тотығады/, глюкурон қ-лы /бірінші спирттік топ/, альдар қ-лы /альдегид және спирттік топтар/ түзіледі.
Моносахаридтер метаболизмге өздерінің фосфоэфирлік /глюкозо-6-фосфат/ түрінде белсене қатысады.
Моносахаридтердің әлсіз тотықтырғыштармен /мыс немесе висмут тотықтарының сілтідегі ерітіндісі/ тотығуы олардың мөлшерін анықтау үшін қолданылады.
Дисахаридтер
Дисахаридтер екі моносахаридтердің қалдықтарынан тұрады. Олар бір-бірімен гликозидтік байланыспен байланысқан, яғни бір моносахаридтің гликозидтік гидроксилі мен екінші моносахаридтің бір гидроксилдік тобы /ол гликозидтік гидроксил болуы да мүмкін/ байланысады.
Қышқылдар н/е ферменттермен гидролизденгенде олар өзін құрайтын моносахаридтерге ыдырап кетеді.
Дисахаридтер қасиеттері жағынан екі түрлі болады. Біреулері тотығады, ал екіншілері тотықпайды (тотықпайтын дисахаридтерде бос гликозидтік гидроксил жоқ, ол моносахаридтердің бір-бірімен байланысуына кеткен, мысалы, сахароза). Ал тотығатын дисахарид мальтозада бос бір гликозидтік гидроксил тобы бар.
Полисахаридтер
Гомо- және гетерополисахаридтер деп екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағы полисахаридтер бір тектес моносахаридтерден тұрса, екініші топқа жататындар әр тектес моносахаридтерден тұрады.
Полисахаридтер суда ерімейді, ерісе коллоидты ерітінді түзеді.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларға түспейді.
Өсімдіктердегі негізгі полисахарид – крахмал. Оның өзі екі полисахаридтен тұрады – амилоза және амилопектин.
Олар бір-бірінен молекуласындағы глюкозалардың байланыстары арқылы ажырай отырып біреуі (амилоза) тармақталған ұзын тізбек болса, ал екіншісінің (амилопектин) молекуласы тармақталған.
Амилоза мен амилопектин бір-бірінен қасиеттері жағынан ажырайды.
Амилозаның молекулалық салмағы төмендеу, еріп қоймалжың ертінді береді, иодпен әсер еткенде көк түске боялады.
Амилопектиннің молекулалық самағы жоғары, суда ерімейді, иодпен әсер еткенде қызыл-күлгін түске боялады.
Крахмалды ферменттермен (амилазалар) н/е қышқылдармен гидролиздегенде алдымен бірнеше аралық заттар түзіледі – декстриндер, кейін мальтоза және ең соңында глюкоза түзіледі.
Жануарларда қор ретінде жиналатын полисахарид – гликоген. Оның құрамындағы глюкоза молекулалары крахмал молекуласындай 1-4 және 1-6 гликозидтік байланыспен байланысқан. Айырмашылығы – молекуланың тармақталуы жиіленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет