Липидтер – суда ерімейтін табиғи заттардың тобы. Адам, жануар, өсімдіктердің барлық клеткаларына кіреді. Липидтер организмнің негізгі энергияның қоры болып табылады. Клетка мембраналарының құрылыстық және рецепторлық компоненттері.
Химиялық құрамына байланысты үш классқа бөлінеді: жай липидтер (майлар, балауыздар), күрделі липидтер (фосфолипидтер, сфинголипидтер), стероидтар. Дәрісте липидтер класстарының негізгі өкілдерінің құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қызметтері қарастырылады.