М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет41/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#91913
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75
Байланысты:
М. темісов атында ы Батыс аза стан

ПЖҚ алмасуы. Көмірсулардың аэробты тотығуы. Көмірсулардың ыдырауының ферменттері. Көмірсулардың аэробты ыдырауының биоэнергетикасы. Глюкозаның пентозофосфаттық жолмен ыдырауы. Көмірсулардың биосинтезі. Глюконеогенез. Гликогенез. Көмірсулардың алмасуының реттелуі


Пирожүзім қышқылы тотығып декарбоксилденеді және ацетил-КоА күйінде лимон қышқылдарының цикліне қатысады.
Глюконеогенез – глюкозаның көмірсуларға жатпайтын заттардан синтезделуі. Осындай заттардың бірі сүт қышқылы. Сүт қышқылының қайтадан қолданудың бірден-бір жолы лактатдегидрогеназа ферментінің әсерінен оны қайтадан ПЖҚ-на айналдыру, бұл процесс бауырда жүреді. Глюконеогенез негізінен гликолиз жүрген жолдармен жүреді, тек бағыты қарама-қарсы болады.
Глюкоза пентозофосфаттық жолмен ыдырағанда екі зат түзіледі: НАДФН Н+ және рибозо-5-фосфат. НАДФН Н+ - химиялық энергияның тасымалдаушысы болып табылады және де ол энергияны өзінің тотықсыздандырғыш қабілеті арқылы жеткізеді. НАДФН Н+ -тың бұл қызметі әсіресе стероидтардың және май қышқылдардың биосинтезі жүретін тканьдерде, сүт бездерінде, байырда, бүйрекүсті қабаттарында өте маңызды орын алады. Рибозо-5-фосфат түзілуі нуклеин қышқылдарының синтезі, көптеген коферменттердің түзілуі үшін маңызды орын алады.
Глюкозаның өзгерісі нәтижесінде жоғарыда аталған заттардан басқа да заттар түзілуі мүмкін: Д-глюкурон қышқылы, аскорбин қышқылы, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет