М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Биологиялық мембраналардың ролі, құрылысы, химиялық құрамы, физика-химиялық қасиеттері



бет37/75
Дата07.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#91913
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75
Байланысты:
М. темісов атында ы Батыс аза стан

Биологиялық мембраналардың ролі, құрылысы, химиялық құрамы, физика-химиялық қасиеттері


Биологиялық мембраналар керекті заттарды клеткаға өткізіп, керек емес заттарды шығарып отырады.
Прокариоттарда жалғыз клеткасының цитоплазмалық мембранасы болса, эукариот клеткаларында цитоплазмалық мембранадан басқа әртүрлі органеллалар: митохондрийде сыртқы және ішкі мембрана, лизосомада, рибосомада т.б. өзінің мембранасы болады, яғни клеткада әртүрлі мембраналар кездеседі. Барлық мембраналарға ортақ қасиет: олардың бірнеше молекула қабатынан тұрып, клеткаішілік құрылымдарды «компартменттерді» бірімен-бірін бөліп тұратындығы.
Мембраналардың химиялық құрамы
Мембраналар негізінен липид пен аққуыздардын тұрады. Липидтердің аққуыздармен салмақтық қатынасы 1:4, 4:1 аралығында болады. Көмірсу компоненттері де кездеседі. Сулы ортада липид молекулалары өте жылдам липидтік қосқабат түзеді, ал мұндай қосқабаттан полярлы молекулалар өте алмайды. Мембраналардың құрамына липидтердің негізгі үш тобы кіреді: фосфолипидтер, сфинголипидтер, стероидтар.
Мембрана аққуыздары липидтік қосқабатқа еніп тұрады да, өздеріне тән активтілік көрсетеді. Оларды екі топқа бөлуге болады:

  • шеткейлік немесе липидтік қосқабатқа жанасып тұрушы аққуыздар

  • интегралды немесе липидті қосқабатқа батып тұрушы аққуыздар

Шеткейлік аққуыздар липидтермен электростатикалық күштер арқылы және сутектік байлансытардың көмегімен байланысып тұрады. Ал интегралды аққуыздар мембраналық липидтермен көмір сутектік тізбектерімен көптеген байланыс түрлері арқылы байланысатындықтан, оларды бөліп алу қиынырақ.
Қосымша компоненттеріне токоферол немесе Е витамині, ретинол немесе А витамині, убихинон жатады.
Мембрананың құрылысы
Мембрананың сүйықты-мозаикалық немесе сүйықты өрнектік моделін 1972 жылы Джонатан Сингер және Гарт Николсон ұсынды. Бұл модель бойынша:

  • мембрананың арқауы /матриксы/ үздіксіз полярлы липидтік қос қабаттан тұрады: липидтік қосқабат екі түрлі қызмет атқарады: мембрананың жанасушы аққуыздар үшін еріткіштің ролін атқарады; өткізгіштіктің бөгеті қызметін атқарады. Интегралды аққуыздар, олардың құрамындағы ферменттер, тасымалдаушы аққуыздар липидтік қосқабаттың гидрофобты бөлімінде орналасса ғана өзінің активтілігін көрсете алады.

  • Липидтік қосқабатқа мембраналық аққуыздар ең бойымен еркін қозғала алады. Жанасушы аққуыздар липидтік қосқабаттың бетіне еркін жүре алады, ал интегралды аққуыздар айсбергтер сияқты липидтік қосқабатқа толығымен еніп тұрады, солар байланысқан көмірсу тізбектер бұл қосқабаттан антенна сияқты шығып тұрады. Интегралды аққуыздар қатарына гликопротеидтер жатады.

  • Мембраналық липидтердің азғана бөлігі мембраналық аққуыздармен ерекше байланыс арқылы байланысады, бұл олардың ерекше қызмет атқаруына қажет болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет