Мотивация



бет4/10
Дата21.02.2023
өлшемі0,9 Mb.
#169695
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Нурлыбек 5 тақ психалогия
7f7f18c1-fefb-4f88-b3e8-a7dfc966100f-Физика-499297, практика, Силлабус ФОӘ Наметкулова Ф., Танымдық психикалық процестер. Ес, зейін, ойлау - презентация онлайн, Жанибек А

Жеке адам болу дегеніміз азаматтың адам ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу.

  • Жеке адам болу дегеніміз — азаматтың адам ретінде сезіну, сан ғасырлар бойы халық тәжірибесі туғызған рухани мәдениеттің мәңгілік игіліктерін бойына дарытып, осы игіліктерді еңбекке, әлеуметтік мәнді қызметке, қоғамдық өмірге, адамдар қатынасы, күнделікті тұрмысқа енгізу.
  • Адам немесе жеке тұлға өзінің сана-сезімін, көзқарасын, рухани-саяси дүниетанымын үнемі білім мен еңбектің арқасында жетілдіріп отыруы керек. Тұлғаны құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға және әділдік жолымен жүруге, әділдік жоқ жерде адамшылық жоқ деген пікірді айтады ұлы ойшыл М.Х. Дулати .
  • Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері — оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Осы орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық" деген ұғымымен толықтырылуы қажет. Жеке тұлғаның, яғни құндылықтар дүниесінің қалыптасуына оның дүниетанымының ықпалы зор. «Жеке тұлғаның дара ерекшеліктері оның жас ерекшеліктерімен тығыз байланыста болады. Жеке тұлғаның жас ерекшеліктері деп белгілі бір адамға тән оның мінез құлқындағы, ақыл ойындағы, қабілетіндегі, тағы басқа басты қасиеттерін басқа адамдардан елеулі айырмашылығын айтуға болады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарының мақсатын, мазмұнын жүзеге асыруды қолданылатын формалармен әдістерді таңдау, көптеген жағдайда жас және дара ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан да мұғалімнің педагогикалық әрекетін нәтижелі ұйымдастыру шарттарының бірі — балалардың жас және дара ерекшеліктерінің даму заңдылықтарын жете меңгеру»

Даралық (лат. Individuum — бөлінбейтін) деп абсолютті қайталанбайтын, кеңістіктің сол нүктесінде, уақыттың сол мезетінде ғана өмір сүретін, кез келген өзге «даралықтан» мәнді айырмасы бар іштей шексіздікті айтамыз.
Даралық қарастырылып отырған дербес өмір сүруші организмнің ата тегінен иеленген және даму жолында қабылданған қасиеттерінің өзінше үйлесіп келген, өзіне тән нышандарын сипаттайды. Даралану адамның қарым-қатынас кезіндегі тәртібі арқылы, сол сияқты олардың әрекет үстінде қабілеттерін көрсетуі арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет