Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012


I БӨЛІМ  Бай әке, жарлы әке



Pdf көрінісі
бет59/68
Дата08.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#156945
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
I БӨЛІМ 
Бай әке, жарлы әке 
Менің 2 әкем болатын: бай және жарлы. Бірі жоғарғы білімі бар, мәдениетті, PhD 
атағы бар болған; 2 жылда 4 жылдық колледжді оқып бітірген. Одан кейін Стенфорд 
университетіне, Чикаго және Солтүстік-батыс университетіне білімін шыңдауға кеткен 
болатын, әрқашан стипендия алатын. Екінші әкенің білімі әлдеқайда төмен еді. Екеуі де 
мансап қуып, өмірлерін жұмысқа арнаған. Екеуінің де табыстары болатын. Бірақ бірі өмір 
бойы ақша жетіспеушілігіне ұшырап отыратын. Екіншісі Гаваядағы ең бай адамға 
айналды. Бірі артынан оншақты миллион долларды, қайырымдылық қорларын, мешітті 
отбасына мирасқа қалдырып кетсе, екіншісі төленуге тиіс шоттарды қалдырып кетті. Екі 
әкем де мықты, ақылды, беделді болатын, екеуі де өмірлік тәжірибеде жинаған ақылдарын 
айтып отыратын, әрине, екеуінікі екі түрлі еді. Екеуі де білімді насихаттаған, бірақ білім 
алу курстары бір-біріне ұқсамайтын. Егер менің бір ғана әкем болғанда, мен оның айтқан 
өсиеттерін қабылдап немесе қажет етпейтін едім. Екі әкем бар болғандықтан, екеуінің 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
айтқанын кері итере салмай салыстырып, көп ойланып, содан кейін ғана шешім 
қабылдайтын әдет шығардым. Бар мәселе мынада еді, бай әке әлі бай емес, жарлы әке әлі 
жарлы болмағандығында. Екеуі де енді мансап қуып, енді ақша және отбасы мәселесін 
шешуді бастап жатқандар. Ақшаға екеуі екі түрлі көзқарас танытатын. Бір әкем: «
ақшаға 
құнығу – бар жамандықтың түбірі»
. Екінші әкем: 
«ақша жетіспеушілігі – бар 
жамандықтың түбірі»
. Үлкен әсер ететін мықты екі әкесі бар жас өспірімге, яғни маған 
шешім қабылдау өте қиын болатын. Олардың көзқарасының айырмашылығы ақша 
мәселесі кезінде анық байқалатын. Мен екеуінің айтқанын 
«Неге ол былай айтады?»

«Неге ана кісі секілді емес?»
Байдың баюы, кедейдің кедейленуі, орта таптың қарыздан өмір бойы құтыла 
алмауы ақша ұстауды мектепте емес, үйде үйрететіндігінен. Көпшілік қауым ақша туралы 
мектепте емес, ата-анасынан үйренеді. Жарлы әке баласына ақша жайлы не деп ақыл айта 
алады. Ол жай ғана: 
«Мектепте қалып, сабағыңды жақсы оқы»
. Бала сабағын жақсы 
оқып, қызылға бітірсе де, қаржылық шаруаларда оның миында еш білім болмайды, ал 
уақытты ешкім кері бұра алмайды.
 
Ақша тақырыбы мектептерде қозғалмайды. Мектеп тек 
мектептік және кәсіптік білімді насихаттайды. Біздің мемлекеттік қарызымыз жоғарыда 
отырған ақша жайлы түк білімі жоқ жоғарғы білімді саясаткерлер, өкіметтік 
шенеуліктердің арқасы.
 
Бір әкемнің мынадай әдеті бар еді: 
«Мен мынаған жағдайым жоқ 
»
. Ал екінші әкем бұндай сөздерді мүлдем айтқыздырмайтын. Мына сөздерді қолданғаның 
дұрыс: 
«Мына нәрсеге қолымды қалай жеткіземін?».
Жақын арада байып кететін әкем 
кері сөйлегенде ми жұмысын тоқтатады: 
«Егер сен мына нәрсеге қолымды қалай 
жеткіземін?»
, - деп айтатын болсаң, миды жұмысқа дайындайсың. Болашақ бай әкем 
барлық нәрсеге қол жеткіземін деген ойы болмаған, ол жай ғана өзінің миын 
жаттықтыратын. Ми – әлемдегі ең қуатты компьютер емес пе? Ол ылғи: 
«Менің миым 
күннен-күнге қатаюда, себебі мен миымды жаттықтырудамын. Миым мықты жұмыс 
істеген сайын мен көбірек табысқа кенелемін»
.
 
Екі әкем де тынбай еңбек етумен болды, 
бірі ақша мәселесі туындағанда ұйқыға кететін, екіншісі керісінше бұл жағдайда өз-өзін 
жаттықтырумен болатын. Стратегиялық нәтиженің көрсеткіші бірінің қаржылық жағдайы 
жақсарса, екіншісінікі әлсірей бастағандығын көрсетті. Бір әкем айтатын: 
«Байлар 
салықты көбірек төлеп, табысы аздарға жәрдемдесу керек»
. Екіншісі: 
«Салық – 
өндірушілерді жазалайды, жұмыссыздарды - марапаттайды»
. Біреуі мына өсиетті 
айтса: 
«Жақсы оқы, жақсы мекемеге жұмысқа тұрасың»
. Екінші әкем: 
«Мықты оқы, 
кейін жақсы компания тауып, оны сатып аласың»
. Бірінші әкем: 
«Менің бай 
болмауымның себебі, менің балаларым – сендер барсыңдар»
. Екінші әкем: 
«Менің бай 
болуымның себебі, менің балаларым – сендер барсыңдар»
. Бірі ас үстінде ақша, бизнес 
жайлы әңгімелерді құптаса, екіншісі ондай әңгімелерге рұқсат бермейтін.
 
Бір әкем: 
«Ісің 
насырға шапса, тәуекелге бел бума»

«Біздің үйіміз – ең ірі актив»
. Екіншісі: 
«Тәуекел 
түбі желқайық – мінесің де өтесің»

«Менің үйім – пассив, егер сіздің үйіңіз ең ірі актив 
болса, онда сізді келеңсіздіктер күтпек»
. Екі әкемде шоттарды төлейтін, бірі ерте, 
екіншісі соңғы болып.
 
Бір әкемді демалыс, медициналық сақтандыру, 20 жылдан астам 
еңбектен кейінгі үкімет ұсынатын жеңілдіктер қызықтыратын. Екіншісі толық қаржылық 
дербестікке сенетік. «Жеңілдік» деген нәрсеге қарсы болатын, оның ойынша, ол әлсіз 
және қаржылық тәуелді адамдарды тудыратын.
 
Бірі бірнеше долларды үнемдеуді ойласа, 
екіншісі жай ғана инвестициямен айналысатын. Бір әкем мені ғажап түйіндеме жазуды 
үйретсе, екінші әкем жұмыс күшін ұйымдастыратын бизнес жоспарды құрастыруды 
үйретумен болды.
 
Екі мықты әкемнің болуы маған оларды салыстырып, ой түйіндеуге 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
ықпалын тигізумен болды. Менің байқағаным, адамдар өз өмірін өзінің ой-пікірі арқылы 
құрастырады. Менің жарлы әкем: 
«Мен ешқашан бай болмаймын»
, бұл сәуегейлік ақыры 
орындалды. Менің бай әкем өзін ылғи бай сияқты ұстайтын : 
«Мен бай адаммын»
, өйткені 
бай адамдар 
«мен ешқашан бай болмаймын»
,- деп айтпайтын. Ол тіпті қаржылық 
кедейленуге ұшырағанда да мойымады, өзін баймын деумен болды. Ол әрқашан өзіне: 
«Кедей болу мен кедейлену деген екі түрлі ұғым»
деген сөздерді қайталайтын.
 
Менің байқағаным, менің жарлы әкем аз тапқаны үшін жарлы емес, оның ойы және 
іс-әрекеттері үшін жарлы екен. Сонымен мен жарлы ма, әлде бай әкемді ме, қайсысын 
тыңдау керек едім? Екеуі де білім ал, оқы, үйрен деген өздердің иесі болатын. Ал бастысы 
қандай білім, не оқу, нені үйрену? Бірі менің тынбай оқып, дәреже алып, жақсы мекемеде 
бухгалтер-сарапшы, коммерсант, ақша үшін немесе ақшаға жұмыс істегенімді қалады. 
Екінші әкем оқуды насихаттап, қалай бай болуды үгіттеп, ақша қалай жұмыс істейтінін 
түсіндіріп, ақшаны өзіңе қалай жұмыс істетуді үйретумен болды. Ол мынаны мың 
қайталайтын: 
«Мен ақшаға емес, ақша маған жұмыс істейді»
.
Мен 9 жасымнан бастап, ақшаға қатысты нәрселерді бай әкемнен үйренемін деп 
шештім. Осылай жарлы әкемнің білімі жоғары болса да, оны тыңдамаймын деп шештім. 9 
жасымнан бастап ақшаның заңдылықтарын үйренумен болдым. Менің бай әкем мені 30 
жыл үйретті, тек 39 жасымда, мен толық бәрін үйреніп, ұғынғаннан кейін үйретуді 
тоқтатты. Ақша биліктің бір түрі. Ал одан өткен күшті құдырет – қаржылық білімнің 
болуы. Ақша келіп кетеді. Егер сіздер ақшаны басқаруды үйренсеңіздер, онда бай адамға 
айналасыздар. Барлығы айтылып, барлығы істелгеннен кейін 30 жыл қайталанып келе 
жатқан 6 сабақты бастап үйрендім. 
«Менің кітабым
, - дейді Роберт Кийосаки, 
менің бай 
әкем үйреткендей оңай жазылған 6 сабақтан тұрады. Бұл сабақтар – барлық сұрақтың 
жауабы бола алмайды, бірақ жағдайыңызды жақсартуға арналған кестелер тізбегі 
болып табылады»
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет