Реактивті сөйлеу Проактивті сөйлеу Менің басқа амалым жоқ.
Міне, мен осындаймын.
Ол менің ашуымды келтіреді.
Олар бұған келіспейді.
Мен істей алмаймын.
Мен мәжбүрмін.
Егер ...
Қандай мүмкіндіктер барын көрейік.
Мен басқа амалды таңдай аламын.
Мен өз сезімімді бақылауда ұстай аламын.
Мен тиімді презентацияны жасай аламын.
Мен таңдаймын.
Мен қалаймын.
Мен істеймін.
Қамқорлық шеңбері мен ықпал шеңбері Біздің проактивтілігімізді анықтаудың тағы бір жолы – уақытымыз бен
қайраттылығымыздың көп бөлігін қалай жұмсайтынымызды көру. Барлығымыздыи біздің
денсаулығымыз, балаларымыз, жұмыстағы проблемалар, мемлекетіміздің мәселелері,
ядролық соғыс қаупі т.б. сұрақтар мазалайтын шығар. Бізге эмоциялық және
психологиялық әсері бар бұл нәрселерді «Қамқорлық шеңберіне» салып қояйық. Ал енді
қамқорлық шеңберінде біздің ырқымызға көнбейтін нәрселерді «Ықпал шеңберіне»
саламыз. Осы екі шеңбердің қайсысына көбірек уақыт пен қайраттылық жұмсасақ, сол
арқылы проактивтілікті анықтаймыз.
Проактивті адамдар назарды ықпал шеңберіне салады. Олар өз күшін оларға
бағынатын ықпалға жұмсайды. Олардың қайраттылығының табиғаты позитивті, сол
үшін ықпал шеңбері ұлғая береді.
Ал
реактивті адамдар , керісінше, өз күштерін қамқорлық шеңберіне жұмсайды.
Олар назарларын басқа адамдардың әлсіз жақтарына, қоршаған ортаның және жағдайдың
мәселелеріне, яғни өздері ықпал ете алмайтын нәрселерге жұмсайды.