Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012


Талпыну + сабырлылық = нәтиже



Pdf көрінісі
бет29/101
Дата13.03.2022
өлшемі1,27 Mb.
#135422
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101
Байланысты:
Мотивациялық кітаптар жиынтығы

Талпыну + сабырлылық = нәтиже 
Адамдар күтуді жек көреді. Олар: 
"Мен бүгін астық ексем, ертең не аламын?"

дейді, жауабы қапарайым: 
"Су тиген астық"
. Астық заңы былай: 
"Сіз бүгін егесіз, ал 
өнімді СОСЫН жинайсыз!"
Бұршақты бүгін ексеңіз, өнімін төрт айдан соң жинайсыз. 
Адамдар өздері үшін астық еккен уақытта, бұл ережені жақсырақ түсінген болар. Алайда 
біздің ғасыр — тез дайындалатын кеспе уақыты. 
Майкл айтады: 
"Егер менің жақсы жұмысым болғанда, арым үшін еңбек етер
едім. Алайда мен жай ғана ыдыс-аяқ жуамын, несіне ынтамен істеймін".
Бұл мүлде 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
дұрыс емес позиция! Егер сіз ең жақсы ыдыс-аяқ жуушы және өте жауапкершілігі мол 
адам болсаңыз, сізге сөзсіз жақсы орын ұсынады немесе өз күшіңізге деген сенімділігіңіз 
пайда болып, бір күні армандаған шаруаны қолға аласыз. Алдымен талпыну — сосын 
өнім. Бұл негізгі заң. Оны өзгертуге болмайды. Мария айтады: 
"Мені жалақысы жоғары 
қызметке тағайындаңыз, сонда мен жұмыс орнында ұйықтамайтын боламын".
Ал 
Макстың сөздері: 
"Маған көбірек төлеңіз, сонда жұмыстан көп сұранбаймын"
. Джейн 
мынаған сенімді: 
"Егер мен табысты түрде күйеуге шыққанда, бақытты болар едім".
Бұл кең таралған қателіктер!!! Осылай ойлайтындар, арбаны аттың алдына қойғаны. 
Барлық нәрсе мүмкін несиелер бізге бәрін және бірден алуға мүмкіндік беретін 
сияқты. Дегенмен жақын арада барлығымен есеп айырысуға тура келеді. Міне, банкке 
әрең-әрең еңбек ақымыздың көп бөлігін алып бара жатырмыз. Біз өзімізге өзіміз проблема 
жасадық, өйткені ережеге қарсы шықтық. Соңында, әрине, жеңіліске ұшырадық. 
Талпыныссыз және сабырсыз біз ешқашан нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. 
Басқа сабақты біз бақшадан аламыз. Он екі бұршақ дәнін егіп, біз ешқашан он екі 
бұршақ шыққанын көре алмаймыз. Кейбір дәндер күйіп кетеді. Кейбірін жел ұшырып 
кетеді, бір бөлігін қоңыздар құртады. Үш-төртеуін құстар шоқып тастайды. Екі кішкентай 
сабақты көріп ашумен: 
"Бұл әділетсіздік!"
деп айқайлаймыз. 
Өмір солай! Көп таныстардың ішінде санаулысы ғана дос бола алады. Жүздеген 
адамдардың ішінен бірнешеуі ғана тұрақты сатып алушыларымызға айналады. Қалғанын 
жел ұшырып кетеді немесе құстар шоқып тастайды. Нәрселердің табиғи қозғалысымен 
күресе алмаймыз, оларды тек түсініп, қабылдай ғана аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет