Қорқынышты сөз – бұл тәртіп Азынан бастаңыз – сіздің қалауыңызға қарам-қарсы болмашы нәрсені істеуден
бастаңыз. Сонда сіз бар өміріңізді жаныңыз қалаған, маңызды нәрселерге арнай аласыз.
Көпшілік адамдар үшін «тәртіп» деген сөз ең ұнамды сөздер тобына кірмейді. Ол дантист,
диарея сөздерімен қатар тұрған шығар. Алайда өзін-өзі ұстай білушілік табыстың негізі
болып табылады. Майда-шүйделердегі өзін-өзі ұстай білушілік – теледидардың орнына
оқу – болашақта аңсаған армандарға жетуге көмектеседі. Сіз жақсы маман иесі болып,
табысқа кенелгіңіз келеді ме? Аптасына үш рет фитнес және бассейн – міне, денсаулық
пен әдемілікке бағытталған алғашқы қадамдарды аттадыңыздар. Кешкілік сенбілікте бар
да қалдырып кететін ақшаның жартысын үнемдеп көріңіз – біраз уақыт өткен соң көлік
сатып алу жайлы ойлана аласыз. Өзін-өзі ұстай білушілік құпиясы – асқан күш-жігерлік
емес, бұның не үшін қажет екенін түсіну. Егер не үшін қарыздан құтылу керек екенін
түсінсеңіз, сізге ақша үнемдеу оңай болады.