Моу тоншаевская сош


«Z» ұрпақтарымен қалай жұмыс жасаған тиімді?



бет3/5
Дата27.02.2023
өлшемі1,4 Mb.
#170388
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
жиналыс теория

«Z» ұрпақтарымен қалай жұмыс жасаған тиімді?
1963 -1984
1984-2000
2000-2010
«Альфа» ұрпақтары
туралы түсінік
Альфа-ұрпақ деп 2010 жылдан бері қарай дүниеге келген балалар. Олар толықтай цифрлық кеңістікте туған. Неге дәл осы уақытта ұрпақ ауысты десеңіз, бұл уақыт – қазіргі балалардың ғаламдық цифрлануына әсер еткен IPad пен Instagram-ның пайда болған уақыты. Бұл балалар әлі тым жас болғандықтан әзірге олар туралы толық бір нәрсе айту қиын. Дегенмен ғалымдардың альфа балалар туралы біраз болжамдары бар.
Альфа балалар білім мен тұрмыс, демалысқа қатысты жаңа технологиялық революцияны бастан кешеді
Жаңа ұрпақ ерте бастан табыс табуды бастайды. Тіпті жасөспірім шақта өз-өзін қамтамасыз етуге мүмкіндігі болады
Цифрлық сауаттылығы ең жоғары деңгейде болады
Альфа ұрпақ жұмысын жиі ауыстырып отырады
Альфа грек алфавитінің бірінші әріпі. Соған сай альфа ұрпақ жаңа әлем құрып, экология мен ұлттық құндылықтарға дейін толықтай өзгертуі мүмкін
«Альфа» ұрпақтарының
ерекшеліктері
«Альфа» ұрпақтарының
Психологиялық ерекшеліктері
Қабылдау жылдамдығы. Ақпаратты өңдеп, қорытуда бұл ұрпақ тіпті алдыңғы зумер, Z ұрпақтан асып түсетін болады. Альфа ұрпақтар бір тәулік ішінде өте үлкен көлемдегі ақпаратты қабылдай алатын қабілетке ие. Бұл балалар есейген шақта кез-келген уақытта жаңа ережелерге тез үйренеді. Себебі олар үздіксіз сабақ алуға дағдыланған.
Альфалар жан-жақты білімді, ой-өрісі кең ұрпақ. Олар бір орнында тұрғанды қаламайды. Алдыңғы ұрпақ интернетті өз қажеттіліктері үшін ғана, шектен шықпай пайдаланып үйренген. Ал альфа ұрпақ ары қарай дамығанды жақсы көреді, бір орында тұрақтап қалмайды.
Альфалар өздерінің бұл әлемге не үшін келгенін және не қалайтындарын жақсы біледі.
Көпсалалы, жан-жақты. Бір ғана мамандықтың иесі болу, альфа ұрпақтар кезінде келмеске кетеді. Олар ғалымдардың болжамы бойынша әр 5 жылда бір жаңа мамандықты игеріп, иесі атанады. Болашақта альфа ұрпақ өмір сүрудің лайықты деңгейіне жетіп, дамуы үшін өте көп оқитын болады.
Ашық және төзімді. Альфа ұрпақ мейірімді, ашық келеді. Сондай-ақ олар өте төзімді. Альфа ұрпақ өздерінен 10 жыл алдын туған ұрпаққа қарағанда әлдеқайда сабырлы. Олар барлығының жайлылықта, тең дәрежеде өмір сүргенін қалайды.
Планетаға қамқорлық. Жоғарыда айтылғандай альфа ұрпақ көптеген табиғи қиындықтарға бетпе-бет келеді: ауаның, судың ластануы, кейбір жан-жануарлардың жойылуы т.б. Олар ешқандай мәселеден қашпайды. Себебі кішкентайынан бұл туралы ғаламтордан көріп-біліп өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет